Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады
  • «Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қазақстан халқына» қоры БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй салады

«Қазақстан халқына» қоры БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге арнап 114 үй салады

24 апреля, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жүзеге асырылатын меморандум аясында Батыс Қазақстан облысында Қордың қаржы ресурстары есебінен жергілікті атқарушы органдар ұсынған үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады.

Үйлер келесі елді мекендерде салынады:

  1. Жымпиты ауылы-49 үй;
  2. Бұлдырты ауылы — 25 үй
  3. Өлеңті ауылы — 38 үй;
  4. Жетікөл ауылы-1 үй;
  5. Жаңақоныс ауылы-1 үй.

Осы елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен бұл үйлер объективті тексеру қорытындысы бойынша жөндеуге жатпайды және қалпына келтіруге жарамсыз.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі су басуға бейім емес аймақтарда жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін анықтады және бөлді, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етеді. Орындалатын құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мен қадағалауды облыс әкімдігі жергілікті қоғамдық белсенділермен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

«Біздің жеріміз, халқымыз табиғи апатқа тап болды, оның салдары, әрине, өте қайғылы. Бірақ, біз ортақ күш-жігерімізбен қысқа мерзімде жаңа үйлер құрылысын бастап, оларды толықтай бітіріп, қиыншылыққа тап болған отандастарымызға көмектесе аламыз деп үміттенеміз. Қор бұған Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша 10 млрд теңгені, сондай-ақ қамқоршыл қазақстандықтар мен бизнес өкілдері жіберіп отырған қаражатты қосымша жолдап отыр», — деп атап өтті «Қазақстан халқы» ҚҚ төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Жақын уақытта Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумдарға қол қойылады.

«Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтуды тапсырған болатын.  Осы ретте, «Қазақстан халқына» қоры да көмек көрсеткелі отыр. Осылайша облысымыздың Сырым ауданында тұрғын үйлер салынады.  Бұл қуантарлық жағдай. Зардап шеккен тұрғындар баспанасыз қалмайды, мемлекет тарапынан барынша көмек беріледі» — деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Ескеретін жайт, 1-30 сәуір аралығында Қордың атына түскен барлық ақшалай қаражат төтенше жағдайдың салдарын жоюға және ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталатын болады. Қор өзінің ресми сайтында донорлар мен аталған сомалардың мөлшері туралы есепті орналастырады.

Бүгінгі таңда Қордың шоттарына 2,9 млрд теңге сомасына қайырымдылық жарналары түсті. Қор сәуір айының соңына дейін қайырымдылық қаражаты есебінен салынатын үйлердің саны артады деп үміттенеді.

Қор қайырымдылық үшін тек Қордың ресми сайтында көрсетілген шоттар мен деректемелерді пайдалануды сұрайды https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/donors.html.  Жеке тұлғалар аударымдарды банктердің мобильді қосымшаларында «Қайырымдылық» бөлімі арқылы жүзеге асыра алады.

Оқылып жатыр

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Жолдау міндеттері — ел болашағының бағдаршамы

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Соңғы жазбалар

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.