Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды

22 Маусым, 2025

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды
  • Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды
  • «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)
  • Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстан мен Әзербайжан президенттері даңқты Шуша қаласына барды

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері даңқты Шуша қаласына барды

12 марта, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Екі ел президенттері Қарабақ тау жотасының баурайында орналасқан қаланың бас жоспарымен танысты. Содан кейін олар аймақтың көрнекті жерлерін, оның ішінде орталық алаңды, «Саатлы» мешітін, тау қыратындағы «Джыдыр дюзю» алаңын, «Бюль-Бюль» мұражай-үйін, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрмені және тағы да басқа тарихи орындарды аралап көрді.

Шуша шаһары ежелден әзербайжан мәдениетінің алтын бесігі саналған. Қала заманында гүлденіп, поэзия, көркемөнер және сәулет өнері дамыған орталық болған.

Бүгінде мұнда инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бірнеше қонақ үй, музей және мешіттер бой көтерген. Тұрғын үйлер, білім беру мекемелері, әлеуметтік нысандар, шіркеулер салынып, жөнделуде. Сонымен қатар түрлі сала мамандарының қатысуымен нысандарды бағалау және түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін мемлекет басшылары Физули қаласында қираған жерлерді аралап көріп, қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты. Қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Одан соң Физули қаласындағы орталық аурухананың құрылыс алаңын аралап көрді.

Болашақта бой көтеретін медициналық мекеме 180 төсек-орынға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асады.

Ауруханада стационарлық қызмет көрсететін кардиология, неврология, гинекология, анестезиология-реанимация, гемодиализ, терапия, хирургия, травматология-ортопедия, босану және жұқпалы аурулар бөлімдерін, сондай-ақ офтальмология, педиатрия және ЛОР кафедраларын ашу жоспарланып отыр.

Ал амбулаториялық режимде науқастарға кеңес беретін емхана бөлімі, балалар емханасы, рентген диагностикасы, функционалдық диагностика, физиотерапия және медициналық оңалту бөлімдері қызмет көрсетпек. Сонымен қатар клиникалық-диагностикалық зертхана, жедел жәрдем станциясы, гигиена және эпидемиология орталығы жұмыс істейді.

Нысанды қазақстандық құрылыс компаниялары коммерциялық негізде салады деп жоспарланып отыр.

 

барды мен президенттері Шуша Қазақстан қаласына Әзербайжан

Оқылып жатыр

5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды

Соңғы жазбалар

Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды

22 Маусым, 2025

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.