Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды
  • Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер аясында Алматы облысына 224,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер аясында Алматы облысына 224,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды

10 Шілде, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласында мемлекеттік органдар, ірі бизнес өкілдері мен халықаралық корпорациялар қатысқан QAZAQ INVEST FORUM 2025 халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумның негізгі назарында – өңірлерді дамыту мәселесі, әсіресе Алматы облысының стратегиялық бастамалары болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Форум аясында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өңірдің флагмандық жобасы – Алатау жаңа қаласының құрылысын таныстырды.

«Бұл жоба Қытай, ЕАЭО және Еуропа нарығына тікелей шығатын болашақ инвестициялық хаб ретінде қарастырылуда. – Алатау қаласында Шэньчжэнь үлгісінде арнайы экономикалық аймақ құрылған. Біз инвесторларға дайын инфрақұрылым, салықтық және әкімшілік жеңілдіктер, сондай-ақ халықаралық нарықтарға тікелей қолжетімділік ұсынамыз», – деді Исатаев.

Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін Алатауда екі ірі жоба жүзеге асырылады. Олар – индустриялық парктің екінші кезеңін іске қосу (жаңа 20 мың шаршы метр қойма алаңдары, инвестиция көлемі – 10 млрд теңге) және 73,3 млрд теңге көлеміндегі көлік-логистика орталығын салу.

Алматы облысы инвестиция тарту жөніндегі ұлттық стратегияға белсенді түрде қатысуда. Форум барысында 5,25 трлн теңге (10 млрд АҚШ доллары) капиталы бар Kazakh-Asia Investment Fund инвестициялық қорының іске қосылатыны жарияланды. Қор қаражаты орнықты әрі «жасыл» жобаларға бағытталады.

Форум аясында Алматы облысының қатысуымен екі меморандумға қол қойылды:

  • Алматы облысы әкімдігі мен «Азия Минерал Групп» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум
  • Алматы облысы әкімдігі мен «SUNNY PAPER» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум

Бұл келісімдер халықаралық бизнестің экологиялық таза технологияларға, қалдықтарды қайта өңдеуге және өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға деген қызығушылығын көрсетеді.

«Алматы облысы трансұлттық капитал үшін тартымды орталыққа айналып келеді. Біз бизнеспен ынтымақтастыққа дайынбыз және жоғары инвестициялық қайтарымы бар нақты жобаларды ұсынамыз», – деді Исатаев.

Айта кетейік, форум аясында жалпы құны 224,7 млрд теңгеден асатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Олардың қатарында күн панельдерін шығару, тетрапак қалдықтарын өңдеу, электромобильдерге арналған тежеу жүйелерін өндіру және басқа да жобалар бар.

Форум Қазақстан мен Қытай арасында биыл маусымда қол қойылған стратегиялық келісімдер аясында өтті. Құжат инвестиция, инфрақұрылым, экология және капиталды қорғау бағыттарындағы ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді.

QAZAQ INVEST FORUM 2025 Қазақстан өңірлері, ең алдымен Алматы облысы, елдің жаңа инвестициялық экожүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқылып жатыр

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Соңғы жазбалар

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.