Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды
  • Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қазақстан мен Үндістан арасындағы туризм серіктестігі жаңа деңгейге шықты

Қазақстан мен Үндістан арасындағы туризм серіктестігі жаңа деңгейге шықты

24 Маусым, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысы әлемдік туризм картасындағы орнын айқындай түсті. Мұнда Үндістан мен Қазақстан арасындағы ірі туристік бизнес-форум өтті. Бұл шара екі елдің туризм саласын байланыстыратын ғана емес, тікелей әуе қатынастарын дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдени алмасуды күшейтуге арналған маңызды алаң болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Форумды Алматы облысының Туризм басқармасы мен Үндістан Елшілігі бірлесе ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Үндістан, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 200-ден астам делегат қатысты. Қатысушылар қатарында туризм, қонақ үй, көлік және әуе тасымалдау салаларының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар бар.

«Алматы облысы – табиғаты таңғажайып, инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Түрген сарқырамасы, Қаскелең шатқалдары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танылып келеді. Соңғы бір жылдың ішінде Үндістаннан келген туристердің саны екі есе артты», – деді Алматы облысының Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.

Форум аясында іскерлік сессиялар, B2B кездесулер, туристік бағыттардың таныстырылымы, логистика және тікелей әуе рейстерін кеңейту мәселелері талқыланды. Алғашында 100 қонақ күтілгенімен, шараға 200-ден астам адам, оның ішінде 70-тен астам шетелдік компания өкілдері қатысты. Бұл бастамаға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.
Форумда көлік қатынасына ерекше назар аударылды. Бүгінде Үндістан мен Қазақстан арасында аптасына 15 тікелей рейс қатынайды, олардың басым бөлігі Алматы бағытына тиесілі. Air Astana, SCAT және Алматы халықаралық әуежайының өкілдері алдағы уақытта жаңа бағыттар ашуға дайын екендерін жеткізді.

«Қазақстан – біз үшін жаңа, бірақ болашағы зор бағыт. Үнді туристері бұл елге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мұнда ғажайып табиғат, қауіпсіздік және қонақжай халық бар. Біз Алматы облысымен ынтымақтастықты кеңейтіп, жаңа бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді үндіcтандық Travel компаниясының өкілі Аканша Чотхари.

Форум аясында мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық киімдерді, қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды тамашалап, түрлі тағамдардан дәм татты. Әсіресе, күрд диаспорасының музыкалық және би бағдарламасы ерекше әсер қалдырды.

«Біз Қазақстанның көпқырлы екенін көрсеткіміз келеді. Біз өзімізді сөзбен емес, өнеріміз, мәдениетіміз және ұлттық құндылықтарымыз арқылы танытамыз», – деді Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров.

Форумға ірі туроператорлармен бірге жас кәсіпкерлер де қатысты. Quick Travel компаниясының негізін қалаушы Хаким Ма үнділік серіктестермен келіссөздер бастағанын және бірлескен турларды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.

«Үнді студенттерінің көбеюі, тікелей рейстердің артуы және қолайлы логистика туристік байланысты нығайтудың тұрақты негізін қалыптастырады. Алматы қазір Қазақстан ғана емес, Орталық Азияға апаратын қақпаға айналып отыр», – деді кәсіпкер.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша елімізде үздік үштікке енді. 2023 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер ағыны 60%-ға артты. Үндістан-Қазақстан туристік форумы сияқты бастамалар өңірге деген қызығушылықтың уақытша емес, ұзақ мерзімді екенін көрсетіп отыр.

Бұл форум Алматы облысына халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын тағы бір дәлелдеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты.

Оқылып жатыр

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Соңғы жазбалар

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.