Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстан–Өзбекстан ынтымақтастығы аясында Мақтааралда инфрақұрылым құрылысы басталды

24 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өндірістік және сауда-экономикалық әріптестікті нығайтудың жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мақтаарал ауданындағы «Атамекен» кедендік бекетінің маңынан бой көтеретін «Орталық Азия» халықаралық өндірістік кооперация орталығының (ХӨКО) аумағына инфрақұрылым тарту жұмыстары ресми түрде басталды.

Құрылыс алаңында арнайы жиналыс ұйымдастырылып, оған Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Байдулла Оразбеков, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков, сондай-ақ мердігер мекемелер мен аудандық тиісті бөлімдердің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиын барысында мамандар кооперациялық орталықтың аумағына қажетті барлық инфрақұрылым желілерін – автомобиль және пойыз жолдарын, электр энергиясы мен табиғи газ тарту, ауыз су және кәріз жүйелерін орнату, сондай-ақ телекоммуникация және байланыс желілерін жүргізу бойынша жасалған жобалық-сметалық құжаттарды жан-жақты зерделеді. Әр инфрақұрылым саласы бойынша жоспарланған мерзімдер, техникалық шешімдер мен іске асыру тәсілдері егжей-тегжейлі қаралып, нақты ұсыныстар айтылды.

Сала мамандары мен жобалаушы ұйым өкілдері құрылыс кезінде пайдаланылатын материалдардың сапасына, инфрақұрылым желілерінің өткізу қабілетіне, қауіпсіздік талаптарына және ұзақмерзімді пайдалануға жарамдылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар инфрақұрылым желілерін тарту кезінде жергілікті жердің климаттық, географиялық ерекшеліктері мен шекаралық аймақтағы логистикалық тиімділік те басты назарда болды.

Отырыста жобаның тиімді жүзеге асуына ықпал ететін инновациялық шешімдер, энергия үнемдейтін технологиялар мен заманауи инфрақұрылымдық үлгілерді енгізу мәселелері де көтерілді. Жобалаушылар тарапынан ұсынылған техникалық схемалар бойынша пікір алмасу жүріп, бірқатар инженерлік түйткілдерге нақты шешімдер қабылданды.

Басқосу нәтижесінде инфрақұрылым тарту жұмыстарының әр кезеңі бойынша жауапты мердігер мекемелер мен тиісті мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеуі қажеттігі атап өтіліп, нақты міндеттер жүктелді.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.