Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

15 Маусым, 2025

«Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты

15 Маусым, 2025

«Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті

15 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты
  • «Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты
  • «Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті
  • «Темекі шегіп, ерегіскен»: такси жүргізушісін жолаушы өлтіріп кеткен
  • «Көмектесіңіздерші, ұлымды өлтіріп кетті»: Ақтауда ер адамның мәйіті табылды
  • Иран Израильмен қақтығысты тоқтатуға дайын — мемлекет өз шарттарын мәлімдеді
  • Батыр қылуға жол бермеймін: Қаржаубай Нұрымовтың отбасына желі арқылы қысым көрсеткен жігіт сотқа тартылды
  • «Ұлттың рухани тірегі»: Әзімбек Пазылбекұлы Түркістандағы мәдениет үйінің сапасын тексерді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 15 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстан Президенті Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады

Қазақстан Президенті Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады

19 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында мәлім етілді.

Мемлекет басшысы Италия жерінде құрмет көрсеткені үшін Джорджа Мелониге алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады
Фото: Аqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италия арасында тығыз саяси диалог, берік экономикалық ықпалдастық, табысты мәдени-гуманитарлық байланыс орнағанын атап өтті.

«Біз Италияның Орталық Азиядағы басты серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға мол әлеует бар», – деді Президент.

Қазақстан Президенті Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады
Фото: Аqorda

Мемлекет басшысының айтуынша, Италия – Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі және ел экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Италиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция 7,3 миллиард долларды құрады. Бүгінде біздің елімізде 300-ден астам италиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында ENI, SDF Group, PetroValves, Maire Tecnimont, IVECO, Tenaris және басқа да ірі инвесторлар бар.

Қазақстан Президенті БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және ЭЫДҰ аясындағы әлемдік аренада ортақ мақсаттарға қол жеткізу ісіндегі екі елдің табысты ықпалдастығына арнайы тоқталды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік, өңірлік тұрақтылық, терроризмге қарсы күрес, климаттың өзгеруі сияқты мәселелерге қатысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады. Оның пікірінше, мәдени дипломатия, білім беру саласындағы серіктестік және туризм елдер арасындағы байланыстарды тереңдетуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Президенті Алматыда Италия мәдениеті институтының ашылуын құптады
Фото: Аqorda

Өз кезегінде Джорджа Мелони қазақ-итальян қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтіп, Италияның Қазақстанмен арадағы байланыстарын нығайтуға бейілді екенін жеткізді.

«Сіздің бүгінгі сапарыңызды қазақ-итальян қарым-қатынасын одан әрі өркендету үшін зор мүмкіндік ретінде қарастырамыз»,– деді Премьер-министр.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, аграрлық, мәдени-гуманитарлық, білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жасыл энергетика және екі мемлекеттің астаналары арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, кездсеуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

«Бүгінгі келіссөздер екіжақты қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына және ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын қарастыруға жақсы мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Президент.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Премьер-министрі бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Todayinfo.kz

Алматыда ашылуын институтының Италия мәдениеті президенті Қазақстан құптады

Оқылып жатыр

Махаббатқа соғыс кедергі емес: Израиль бомбалап жатқанда Иран ханшайымы еврейге тұрмысқа шықты

«Басың жарылады, шаруаң болмасын»: Сәуле Әбілдаханқызы өткір жазбасымен тағы елді шулатты

«Әлияның аянышты өлімі»: Бірін бірі құтқармақ болған қос ғашық суға кетті

«Темекі шегіп, ерегіскен»: такси жүргізушісін жолаушы өлтіріп кеткен

«Көмектесіңіздерші, ұлымды өлтіріп кетті»: Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Иран Израильмен қақтығысты тоқтатуға дайын — мемлекет өз шарттарын мәлімдеді

Соңғы жазбалар

Батыр қылуға жол бермеймін: Қаржаубай Нұрымовтың отбасына желі арқылы қысым көрсеткен жігіт сотқа тартылды

15 Маусым, 2025

«Ұлттың рухани тірегі»: Әзімбек Пазылбекұлы Түркістандағы мәдениет үйінің сапасын тексерді

15 Маусым, 2025

«Қоздыратын дәрі ішкізді»: Порнографиялық заттар сататын қос қыздың Ақнәрге зұлымдық жасағаны белгілі болды (ВИДЕО)

15 Маусым, 2025

Дубайдағы 332 қазақстандық Алматыға жеткізілді

15 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.