Жыл сайын әлемдегі уранның 40%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі. Бұл елдің әлемдік нарықта әсер етуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы сарапшы Данияр Серіков айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Данияр Серіков Masa.media-ға берген сұхбатында Қазақстанды өзіндік Сауд Арабиясының бір түрі деп санайтынын айтты.
«Егер уран нарығы бойынша қарасақ, Қазақстан Сауд Арабиясының бір түрі. Біз дүниежүзілік нарықтағы көлемі мен бағасы бойынша тренд қалыптастыратын елміз. Қазатомпром мен Қазақстан дүние жүзіндегі баға агенттіктері белгілейтін бағаларға көлемдер арқылы қалауынша ауқымды әсер ете алады»,-дейді ол.
«Егер 2017-2024 жылдар аралығын қарастырсақ, бұл уақыт аралығында ұлттық компания өндірісті жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген деңгейден 10-15%-ға азайтқан. Осылайша Қазатомпром мен оның серіктестері уран бағасының нарыққа негізделген және Қазақстанға тиімді болуына әсер етті. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы кезді алып қарасақ, уранның бағасы 20 доллар шамасында еді, қазір 75 доллар. Үш есе өсті. Осыған байланысты, Қазақстан жыл сайын әлемде өндірілетін уранның 40 пайыздан астамын өндіріп отыр. Бұл әлемдік нарыққа өте күшті әсер етуі мүмкін. Оған тіпті ешқандай «ОПЕК» керек емес. Қазақстан мемлекеттік компания арқылы, Қазатомпром арқылы әлемдік нарықтағы баға мен көлемді нақты белгілей алады»,-дейді Данияр Серіков.
Ақпарат көзі: Ulysmedia.kz