Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды

22 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Хьюстонда ең үлкен FIRST Championship чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 55-тен астам елінен 50 мың оқушы қатысты, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.

Биыл Қазақстан құрамасында FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE кіші санатында Астана қаласыныдағы Quantum STEM School мектебінен IQ Robots командасы, FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE орта санатында – Шымкент қаласы Robopark мектебінен Shymside командасы, ал FIRST Tech CHALLENGE жоғары санатында – Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ-нен Yaku командасы және Алматы қаласындағы РФММ-нен Bolt.M3 командасы болды.

Биылғы құраманың нәтижелері:

6-10 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушылары қатысатын IQ Robots командасы үздік таныстырылым және жоба идеясы үшін Best Poster Award номинациясында жеңіске жетті.

Жоғары сынып оқушыларынан құралған Bolt.M3 командасы Motivate Award беделді жүлдесін қанжығалады. Айта кету керек, бұл марапат өз елінде және одан тыс жерлерде STEM-ді танымал етуге үлес қосқан командаға беріледі.

Сондай-ақ 10-16 жас аралығындағы оқушыларды біріктірген Shymside командасы жаһандық STEM қозғалысының маңызды критерийі саналатын FIRST бағдарламасының командалық рухы мен негізгі құндылықтарын көрсетті. Сонымен қатар іс-шара ұйымдастырушылары Shymside командасын осы маусымға арналған деректі фильмге түсірді.

«Біздің балалар чемпионаттың барлық 3 күнінде көшбасшылар қатарынан көрінді. Олардың алаңдағы ойындарын, жеңістері мен жеңілістерін көру, қазылар алқасының мүшелерімен сұхбатын кулуарда күту сәттері өте қызықты болды. Балаларымызда өте мықты роботтар, инженерлік жобалар, айдентика және негізгі құндылықтар бар. Біздің балаларымызды әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 50 мыңнан астам оқушы арасында байқамау мүмкін емес. Мәселен, Bolt.M3 командасы иеленген жүлде – ТМД елдерінің арасындағы мұндай алғашқы марапат», – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатының нәтижесі негізінде жасақталған болатын. Чемпионатта жеңіске жеткен оқушылар әлемдік жоғары оқу орындарындағы стипендиялар мен гранттарға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

 

жеңіспен оралды робототехникадан Хьюстоннан Қазақстан құрамасы

Оқылып жатыр

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.