Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Қазақстан үкіметімен болашақ жобалар бойынша басымдықтарды талқылауға дайынбыз» — GCF атқарушы директоры Мафальда Дуарте Сарандағы күн электр станциясының жұмысымен танысты

«Қазақстан үкіметімен болашақ жобалар бойынша басымдықтарды талқылауға дайынбыз» — GCF атқарушы директоры Мафальда Дуарте Сарандағы күн электр станциясының жұмысымен танысты

14 Маусым, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысында Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасы аясында GCF (Жасыл климат қоры) мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қаржыландырған ірі жобалар таныстырылды. Делегация құрамындағы GCF атқарушы директоры Мафальда Дуарте, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және ЕҚДБ өкілдері Сарандағы 100 МВт қуатты күн электр станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

160 гектар аумақта орналасқан күн электр станциясы 2019 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Онда 300 мыңнан астам фотоэлектрлік модуль орнатылған. Нысанның негізгі қосалқы станциясы мен энергия жинақтау кешені жергілікті тұрғындардан құралған 11 қызметкерден тұратын ұжыммен басқарылады.

Кәсіпорын басшысы Евгений Гребенниковтың айтуынша, станцияның орташа жылдық электр энергия өндірісі – 120 миллион киловатт-сағат. Өндірілген энергия ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған келісімшарт бойынша KEGOC желісіне толық көлемде жеткізіледі.

– Мемлекет жасыл экономика туралы заң арқылы жобаның іске асырылуына маңызды қолдау көрсетті. Жергілікті атқарушы органдармен ашық терезе қағидаты бойынша жұмыс істеп, жер учаскелерін бөлу, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, қажетті материалдар алу кезінде көмек алдық, – деді Евгений Гребенников.

GCF басшысы Мафальда Дуарте өз сөзінде станцияның халықаралық инвестициялар үшін маңыздылығын атап өтті:

– Бұл станция Қазақстандағы ЖЭК дамыту бағдарламасының басты жобаларының бірі. Бағдарламаның барлық қаржылық көлемінің 40%-ы осы жобаға тиесілі. Біз станцияның табысты жұмыс істеп жатқанын көріп, Қазақстан үкіметімен болашақ жобалар бойынша басымдықтарды талқылауға дайынбыз, – деді ол.

Делегация сондай-ақ Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне барып, ЖЭК саласында ғылыми зерттеулер мен білім беруді дамыту перспективаларын талқылады.

Саран күн электр станциясы таза технологияларды енгізу мен тұрақты энергетика саласында халықаралық инвестицияларды тартудың табысты үлгісіне айналды. Нысан жыл сайын көмірқышқыл газы (CO2) шығарындыларын айтарлықтай төмендетіп, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

GCF мен ЕҚДБ арасындағы серіктестік Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы әлеуетін арттыруға және жаһандық климаттық өзгерістермен күреске елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Оқылып жатыр

Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына дем берген меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысында жаңа үлгідегі тағы бір мектеп ашылды

Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі: Қарағанды облысында 10 мың түп ағаш егілді

Шахтинскіде «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан оқушылар мен еріктілер 200 тал көшетін отырғызды

Қарызсыз өмір: Қарағанды облысында тұрғындарға несие тұзағынан шығуға қолдау көрсетілуде

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.