Былтыр елде дүниеге келген 367 мың сәбидің 4,8 пайызы мерзімінен бұрын туылған, деп хабарлайды Todayinfo.
Денсаулық сақтау министрлігі:
«2024 жылы Қазақстанда 17 616 нәресте 36-аптаға жетпей, 2,5 келіден аз салмақта өмірге келді».
Неонатология саласындағы жетістіктердің арқасында шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін өсті. Егер 15 жыл бұрын 500-999 грамм салмақтағы бес баланың біреуі ғана аман қалса, бүгінде олардың жартысынан көбі толыққанды өсіп-жетілу мүмкіндігіне ие.
Қазір Қазақстанда 773 неонатолог дәрігер қызмет атқарады.