Денсаулық сақтау министрлігі жеке процедуралық кабинеттерге қатысты ауқымды тексеріс жүргізіп жатыр. Мониторинг нәтижесінде 406 нысанның лицензиясыз немесе ережеге сай емес жағдайда жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 кабинет өз еркімен жабылды — ведомство мұны жағдайды реттеу бағытындағы алғашқы нәтиже деп отыр.
Министрліктің мәліметінше, ең жиі кездесетін бұзушылықтар мыналар:
• лицензияның толық болмауы;
• санитарлық талаптардың сақталмауы;
• дәрілерді дұрыс сақтамау;
• білікті мамандардың жоқтығы.
Тіпті кейбір кабинеттерде жедел көмекке арналған базалық жиынтықтардың өзі болмаған.
Қалған медкабинеттер бойынша тексеріс жалғасуда. Қазірдің өзінде 84 жоспардан тыс бақылау аяқталып, нәтижесінде 15 млн теңгеден асатын айыппұл сомасымен 122 әкімшілік хаттама толтырылған.
Фото: Freepik

