Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрі Марат Қарабаевқа теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды,деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
«Вокзалдар бойынша өзіңізге тапсырма берген едім. Ол еліміздің имиджі мен беделіне әсер ететін нәрсе. Сондықтан оны биыл аяқтау қажет», – деді Бектенов.
Министр бұл тапсырманы түсінгенін білдіріп, қысқа жауап қайтарды.
Марат Қарабаевтың айтуынша, қазіргі таңда 5 вокзал жаңғыртылған. Ал биыл туристік бағыттарды қоса алғанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл бастама Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.