«Қазгидромет» Қазақстан тұрғындарын 8 наурыз, сенбі күні қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы
Елордада күн көшпелі бұлтты болады, түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түбінен жел соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 0-2 градус аяз.
Алматыдағы ауа райы
Мегаполисте көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Шымкенттегі ауа райы
Қалада көшпелі бұлтты болады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.
Ақмола облысындағы ауа райы
Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, түбінен жел соғып, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түбінен жел соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 18, күндіз 0-5 градус аяз. Көкшетауда көшпелі бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 3-5 градус аяз.
Алматы облысындағы ауа райы
Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, түнде және таңертең кей уақыттарда 28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз – 2 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 7-12 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 градус аяз. Қонаевта көшпелі бұлтты ауа райы, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні 18-23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Жетісу облысындағы ауа райы
Жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз — 2 градус жылы, облыстың шығысында, таулы аудандарында 8 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың шығысында, таулы аудандарында 1 градус аяз. Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 5-10, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз — 1 градус жылы, күндіз 3-5 градус жылы.
Түркістан облысындағы ауа райы
Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 23-28 метрге дейін жетеді, күндіз облыстың таулы асуларында кей уақыттарда 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус аяз, күндіз 10-15, солтүстігінде, таулы аудандарында 2-7 градус жылы. Түркістанда көшпелі бұлтты ауа райы, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысындағы ауа райы
Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 градус аяз — 3 градус жылы. Оралда бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, екпіні 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус жылы.
Атырау облысындағы ауа райы
Түнде облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз — 4 градус жылы, күндіз 2-7, облыстың батысында 10 градус жылы. Атырауда көшпелі бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 5-7 градус жылы.
Маңғыстау облысындағы ауа райы
Түнде облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 5-10, облыстың солтүстік-батысында 2, облыстың оңтүстігінде 15 градус жылы. Ақтауда көшпелі бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 8-10 градус жылы.
Ақтөбе облысындағы ауа райы
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында түбінен жел соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяз — 2 градус жылы. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0 градус.
Қостанай облысындағы ауа райы
Түнде қар, түбінен жел соғады, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), түбінен жел соғады, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 18, облыстың оңтүстігінде 6, күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде 8 градус аяз. Қостанайда бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 3-5 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа райы
Облыстың батысында, оңтүстігінде қар, түбінен жел соғады, тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың оңтүстігінде 11, күндіз 5-10, облыстың оңтүстік-батысында 2 градус аяз. Петропавлда көшпелі бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, жылдамдығы 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 8-10 градус аяз.
Павлодар облысындағы ауа райы
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар, түбінен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 1-6 градус аяз. Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 3-5 градус аяз.
Қарағанды облысындағы ауа райы
Түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын, боран, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жел соғады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 2 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 3 градус жылы. Қарағандыда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жел соғады, жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 2-4 градус аяз.
Ұлытау облысындағы ауа райы
Түнде жауын-шашын, облыстың батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Боран, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3 градус аяз — 2 градус жылы. Жезқазғанда бұлтты, жауын-шашын, боран, көктайғақ, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1 градус аяз — 1 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысындағы ауа райы
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде боран. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың шығысында 13 градус аяз, күндіз 2 градус аяз — 3 градус жылы, облыстың шығысында 5 градус аяз. Өскеменде бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Абай облысындағы ауа райы
Жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде боран. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 1 градус аяз, күндіз 2 градус аяз — 3 градус жылы. Семейде бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Қызылорда облысындағы ауа райы
Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20, облыстың орталығында 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз — 3 градус жылы, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде 4 градус жылы. Қызылордада бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 7-9 градус жылы.
Жамбыл облысындағы ауа райы
Түнде жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз — 3 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 9-14 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус жылы. Таразда көшпелі бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 метр және одан да көп. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 12-14 градус жылы.
Қазақстан қалалары бойынша ауа райы болжамы.