Фото: asstal.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасының бірінші кезеңде 210 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, одан кейінгі баға өзгерісі нарықтық жағдайға байланысты реттеледі.
«Біздің басты міндетіміз – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Біз аса күрделі өзгерістер күтіп отырған жоқпыз. Бұған дейін бензин 400 теңгеге дейін қымбаттайды деген негізсіз ақпарат тарады. Ондай бағаның өсуіне жол бермейміз», – деді министр.
Энергетика министрлігі баға динамикасын қадағалап, жағдайды бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Қазір елдегі бензин бағасы 205 теңгені құрайды