Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды,деп хабарлайды Todayinfo.
Марапатталғандар қатарында:
✔ 4 еңбек ардагері
✔ 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері
✔ 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері
✔ 6 кәсіпорын басшысы
✔ 3 қоғамдық ұйым өкілі
✔ 7 мемлекеттік қызметкер
✔ 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдардың қызметкерлері мен әскерилер
Бұл марапаттар ел дамуына қосқан елеулі үлесті мойындау және азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында берілді.