Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанда есірткі өндірушілерге жаза қатаңдатылды: Тоқаев заңға қол қойды

2 января, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

© Sputnik / Владислав Воднев

Ұлттық құрылтай тапсырмасы: есірткі өндірушілерге қатаң жаза, есірткі курьерлеріне жеңілдік

Бұл заң Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған. Тапсырмалар есірткі өндіру және оны өткізуді ұйымдастыру үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, сондай-ақ оларды жарнамалаушыларға қылмыстық жазаның неғұрлым жеңіл шараларын қолдануға қатысты. Заң есірткі өндіру, сондай-ақ есірткіні лауазымды адамдардың дайындауы, қайта өңдеуі және өндіруі үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатады.

Жаңа жазалау шаралары қандай?

Енді бұл қылмыстар үшін кінәлі адамдарға 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, заң есірткі жарнамалаушылар үшін жазаны аздап жеңілдетті. Мұндай қылмысты ауырлататын мән-жайларсыз бірінші рет жасағаны үшін заңда мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (бұрын мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін болатын).

Мұндай жазаны жеңілдетудің себебі, «есірткі жарнамалаушылардың» көпшілігі жасөспірімдер мен жастар болып табылады, олар есірткіні тікелей өздері дайындамаған және қайта өңдемеген, көбінесе есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылар оларды өздерінің қылмыстық мақсаттарында пайдаланған. Алайда қылмысты бірнеше рет жасау мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаға әкеп соғады.

Сонымен қатар, заңда білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға есірткіні таратқаны үшін қылмыстық топ құрамында жасалған әрекеттерге қатысты қатаң санкциялар сақталған, бұл үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ, заң есірткіні тарататын лауазымды адамдардың қылмыстық жауапкершілігін қатаңдатты.

Егер бұрын бұл қылмыстар үшін оларға мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралса, енді олар үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұдан басқа, заңда есірткінің және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі өзге де шаралар қабылданды.

Осы мақсаттарда құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қылмыстық топтың заңсыз еккені және аса ірі мөлшерде өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткі, прекурсорлар, улы және күшті әсер ететін заттар өндіру үшін пайдаланылатын заттардың, құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Сенат заң жобасын мақұлдады

Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда Сенат депутаттары есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға түзетулерді мақұлдады. Ұсынылып отырған жаңалықтар, сонымен қатар, есірткі курьерлері мен жарнамалаушыларға арналған жазаны жеңілдетті.

Қазақстанда есірткі өндірісімен айналысатын адамдарға қатысты жаза қатаңдатылды. Бұл шаралар есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.

бостандығынан айыру есірткі есірткі жарнамасы есірткі курьері есірткінің заңсыз айналымы жаза заң мүлікті тәркілеу нашақорлық прекурсорлар психотроптық заттар Тоқаев Қазақстан қатаңдату Ұлттық құрылтай өндіріс

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.