Фото: gov.kz
Елімізде 1 223 елді мекен су басу қаупі жоғары аймақтар қатарына кіріп отыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Әрінов Сенатта өткен үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Министрлік инфрақұрылымды су тасқынына дайындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар және мүдделі мемлекеттік мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
«Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар су басу қаупін азайтып, елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Әрінов.