Премьер-министр Олжас Бектенов биыл екінші АЭС-ті салу орнын белгілеу үшін талқылау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.
Ал жақын арада Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысы бойынша келісімшарттарға қол қойылмақ.
Бұл туралы ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты.