Қазақстанда жеке тасымалдаушылар үшін күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлайды Astana TV.
Жаңа талаптар: онлайн тексеру және арнайы жабдық
Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өтуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістерге назар аударылды. Жаңа нормалардың сақталуын бақылау қалай жүзеге асырылатыны туралы сұрақты Премьер-Министр Олжас Бектенов Көлік министрі Марат Қарабаевқа жолдады.
«Рейске шығар алдында ол көлікті көзбен шолып тексереді, суретке түсіреді және жалпы базаға жібереді. Осыдан кейін ғана рұқсат алады. Рейс алдындағы медициналық тексеруге келетін болсақ, ол да онлайн режимде жүргізіледі. Олар рейске шығар алдында автопарктерде куәландырудан өтуге міндетті. Қажетті арнайы жабдықтар қазірдің өзінде сатып алынуда. Қазір ол жерде ол жеткіліксіз. Қосымша мұндай жабдық жанармай құю станцияларында (ЖМҚС) орнатылуда. Мұндай тетіктер интернет-агрегаторлар үшін қарастырылған», – деп баяндады Марат Қарабаев.
PS:
Қазақстанда такси жүргізушілері үшін енгізілген жаңа талаптар жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.