Фото: tass.ru
Қазақстанда «Қоғамдық тамақтану қызметтер. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» атты құжат бекіді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген құжат тамақ таситын курьерлердің жұмысына өзгерістер көздейді, деп хабарлайды Todayinfo.
Сауда және интеграция министрлігінің Сауда Комитеті бастамашыл болған құжатқа сай, енді курьерлер медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша алуы керек.
«Және олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс», — деп хабарлайды дереккөз.