Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді
  • 400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті
  • Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
  • «Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу
  • Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді
  • Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ
  • Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды
  • Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстанда тұңғыш рет пациенттерге МӘМС шеңберінде 8,5 млн теңгелік «ақылды» нейростимуляторлар орнатылды

Қазақстанда тұңғыш рет пациенттерге МӘМС шеңберінде 8,5 млн теңгелік «ақылды» нейростимуляторлар орнатылды

19 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері алғаш рет екі пациенттің жұлынына жаңа қымбат нейростимуляторлар орнатты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Жалпы құны 8,5 млн теңгеге жуық тұратын жоғары технологиялық медициналық қызмет МӘМС есебінен жасалды. Омыртқасы ауыратын науқастардың дертін жеңілдететін гаджет жайлы аурухана нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов әңгімелеп берді.
Маманның айтуынша, мұндай заманауи нейростимуляторлар Қазақстанда бұрын-соңды қолданылмаған. Жүйе Vanta SureScan MRI Medtronic деп аталады.

«Мұндай стимуляторлар омыртқасы созылмалы түрде ауыратын пациенттер үшін таптырмас құрылғы. Отадан кейін олар ауруын ұмытып, бірден бұрынғы қалыпты өмірге оралады. Vanta SureScan MRI Medtronic — ең соңғы үлгідегі, жетілдірілген, ақылды жүйе. Біз бұрын орнатып жүрген құрылғының датчиктері уақыт өте келе ауырсынуды басу қабілетінен айырылып қалатын. Оның үстіне, бұл стимулятор пациентке автоматты түрде реттеп денені кез келген қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Бұған дейін емделушілер дене қалпын өзгерткенде ауырсынуды сезінетін», — дейді дәрігер.

Жаңа құрылғыны іс жүзінде сынап көру бақыты көп жылдан бері омыртқаның дегенеративті ауруына шалдыққан еліміздің аймағынан келген екі тұрғынға бұйырды.

Емделушінің екеуінде де Failed Back Surgery Syndrome — FBSS-пен байланысты созылмалы нейропатиялық ауырсыну орын алған. Олар үшін қозғалу қиынға соққан. Екеуіне де аймақта бұған дейін төрт рет сәтсіз ота жасалған-тын.

«Ота 2 сағатқа созылды. Біз нейростимуляторларды шағын тілік арқылы дәл жұлынның үстіне орнаттық. Пациент оянғаннан кейін бірден жүйені іске қостық. Емделушілерге арнайы қосымша орнатылған смартфон беріледі. Ол арқылы құрылғыны қажет кезде реттеп, қосып немесе өшіруге болады», — дейді Марат Алматов.

Жаңа жүйеде «гироскоп» функциясы бар, бағдарлама соған тігілген және оны смартфонның не планшеттің көмегімен басқаруға болады. Онда омыртқаның кез келген қалпын бағдарлауға болады. Гироскоп бұл жүйеде омыртқаның кез келген қалпын автоматты түрде таниды.

«Жүйенің тағы бір артықшылығы — стимулятор науқаста өмірінің соңына дейін қалады. Пациент отадан кейін қалыпты өмір сүруге мүмкіндік алады деуге болады. Vanta SureScan MRI Medtronic Қазақстанда алғаш рет біздің ауруханада орнатылғанын атап өткім келеді. Стимулятордың өзі қымбат. Бір жақсысы біздің елде оның ақысы МӘМС арқылы төленеді», — дейді нейрохирург.

Дәрігердің айтуынша, ақылды құрылғыны орнатуды ол әлемнің мықты нейрохирургтерінің бірі Владимир Алексеевецтің шеберлік класы аясында үйренген. Бүгінде ол Минск қаласындағы «Белорусь ұлттық нейрохирургия орталығының» ғылыми аға маманы.

Оқылып жатыр

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

Соңғы жазбалар

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

13 Қыркүйек, 2025

Шудағы шатақ: жоғары сыныптағылар 15 жастағы оқушыны тепкілеп өлтірді

13 Қыркүйек, 2025

Әкесін ұрып өлтірген азаншы: Түркістанда қарияны ұрған ұлы мен келіні 10 жылға дейін сотталмақ

13 Қыркүйек, 2025

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

13 Қыркүйек, 2025

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

13 Қыркүйек, 2025

Шымкентте бір көліктің кесірінен мыңдаған пәтер газсыз қалды

13 Қыркүйек, 2025

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.