Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақстанда тыңайтқыш енгізу көлемін 3,2 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда

Қазақстанда тыңайтқыш енгізу көлемін 3,2 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда

24 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

19-22 мамыр аралығында Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Қазығұрт ауданының бидай өндірушілерімен және Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерімен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгінде Түркістан облысында 469,3 мың гектар жерге көкөністер мен егін егілді. Оның 100 мың гектардан астамы – Қазығұрт ауданында. Мұнда бидай, арпа, жүгері, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар, сондай-ақ көкөністер өсіріледі. 2 мың гектарға жуық аумаққа бау-бақ өсірілді. Жайылымға 133 мың га бөлінген. Агроқұрылымдардың басым көпшілігі – шаруа қожалықтары (3375). Бұдан бөлек, 105 серіктестік пен 127 кооператив бар. Мал шаруашылығы, әсіресе қой шаруашылығы өте дамыған, 400 мыңға жуық бас бар.

«Қазығұрт-Агро» ЖШС-нің директоры Ержан Көбеев вице-премьермен кездесуде субсидиялауға жататын тыңайтқыштарды енгізу нормасын және фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын тұтыну нормативін ұлғайту мәселесін көтерді.

«Егер біз мөлшерін көбейтсек, біз жерді екі рет өңдеп, топырақты жақсарта аламыз», — деді ол.

Серік Жұманғарин өндіруші зауыттарда қажетті қорды қалыптастыру үшін фермерлер тыңайтқыштарға уақтылы өтініш беруі қажет екенін айтты.

«Биыл республика бойынша тыңайтқыштарды субсидиялауға 35 млрд теңге бөлінді, біз бұл мақсатқа шамамен 1,5 млн тонна бөлуді жоспарлап отырмыз. Алдағы жылдардағы жоспарлар көлемін 3,2 млн тоннаға  дейін ұлғайту көзделген. Тыңайтқыш алуға мүмкіндігіңіз бар, өтінім беру керек», — деп атап өтті ол.

Шаруа Спандияр Байғұлов шетелдік ауыл шаруашылығы техникасына субсидияның алынып тасталғаны туралы сұрады.

«Мен шетелдік комбайнды 140 млн теңгеге несиеге алғым келді. Бірақ маған бұрынғыдай 6%-бен емес, тек 15%-бен ғана берілетінін, енді субсидия жоқ екенін айтты. Солай ма?» — деп сұрады ол.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қазақстанда аналогтары өндірілетін шетелдік техниканы сатып алуға енді субсидиялар берілмейтінін айтты. Отандық техниканы сатып алуға берілетін субсидиялар 30%-ды құрайды. Бұл ретте елімізде өндірісі жолға қойылмаған шетелдік ауыл шаруашылығы техникасын 25%-бен субсидиялау жалғасады. Десе де комбайндар Қазақстанда жеткілікті көлемде шығарылады.

Мақтаарал ауданында Серік Жұманғарин мақта егу бойынша көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Мұнда «Хамро Ата» өндірістік кооперативі Қытай инвесторымен бірлесіп, «Peng Seng» тамшылатып суару технологиясы бойынша 310 гектарға мақта отырғызды. Жобаның ерекшелігі – қарапайым әдіспен егілген мақта алқаптарымен салыстырғанда, ағынды сулардың көлемін 50% үнемдеуге болады. Бұл өнімділікті гектарына 60-70 центнерге арттырады.

Мұнда вице-премьерге мақта өсіру және қайта өңдеу бойынша жобалар туралы ақпарат ұсынылды, оларды іске асыру биыл басталды. Бұлар – құны 10 млрд теңге болатын «Cotton мақта», «Tulpar Textile» – 15 млрд теңге, (жіптер өндірісі), «TST Jetisay Textile» (жіптер өндірісі, мақта өңдеу, маталар мен тоқыма өндірісі) кластерлері. Сонымен бірге өзбек серіктестерімен бірлескен, құны $50 млн болатын «Global Textile Turkestan» экспортқа бағдарланған кластері де жүзеге асады.

Вице-премьермен кездесуде мақта өсірушілер аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген дизель отынын беру нормативтерін қайта есептеу мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Бұдан бөлек, субсидия төлемдерін кешіктіру мәселесі де айтылды.

«Біз биылғы егіс науқанына арзандатылған бағамен 376 мың тонна дизель отынын бөлдік. Алдымен 340 мың тонна, ал қажеттіліктер нақтыланғаннан кейін тағы 36 мың тоннаға ұлғайттық. Қазір көктемгі дала жұмыстарына фермерлер үшін жылдық 5% өсіммен 580 млрд теңге бөлеміз. Өтінім беріп, жеңілдіктерді пайдалануға болады», — деді Серік Жұманғарин мақта өсірушілерге.

Сондай-ақ сапар аясында вице-премьер жүгеріні қайта өңдеу зауытының, «ЭКО-культура» жылыжай кешенінің, банан өсіретін жылыжайдың құрылыс барысымен және «Бөрте-милка» сүт-тауар фермасының дамуымен танысты.

Фото: primeminister.kz

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.