Депутат Нартай Сәрсенғалиев «Қазақстанда вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынды, халыққа у сатып қаржы табу бизнес емес» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату:
- екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алумен жазаланады.
Вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу және өндіру:
- мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Сондай-ақ:
- қылмыстық топ жасаған;
- аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан;
- осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде тыйым салынған әрекеттерді бірнеше рет жасау:
- мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Заң Сенатқа жолданды.
Todayinfo.kz