Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды
  • Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды
  • Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
  • «Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды
  • Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін
  • «Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді
  • Ақтөбе облысының тұрғындары жылдың соңына дейін 100 пайыз таза сумен қамтамасыз етіледі — облыс әкімі
  • «Ешқандай мақтанатын дүние емес»: Актер Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікірі үшін сынға қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қазақстандағы 38 миллиард теңгеден кем емес қаражатқа салынған мега жобалар шығынын ақтамаған

Қазақстандағы 38 миллиард теңгеден кем емес қаражатқа салынған мега жобалар шығынын ақтамаған

28 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда соңғы жылдары ірі спорттық және инфрақұрылымдық нысандарды салуға миллиардтаған қаражат жұмсалып келеді. Мемлекет қаржысы есебінен салынған бұл кешендердің бір бөлігі халық игілігіне айналып жатса, енді бірқатары пайдаланылмай, бос күйінде тұр. Олардың құрылысына кеткен шығындар мен күтіп-ұстау үшін жыл сайын бөлінетін қаражат қоғамда түрлі сұрақ тудырып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Ресми ақпараттарға сәйкес, еліміздегі ең қымбат үш спорт нысаны — Щучинскідегі трамплин кешені, Алматыдағы “Сұңқар” халықаралық шаңғы трамплині және “Алматы Арена” спорт сарайы. Бұл нысандардың әрқайсысы шамамен 38 миллиард теңгеге салынған. Мәселен, “Сұңқар” — 38,2 млрд, Алматы Арена — 38,5 млрд, ал Щучинскідегі трамплин кешені — 38 млрд теңгеге бағаланған. Құны жағынан айырмашылығы тым аз болғанымен, мұндай ірі жобаларға мемлекет есебінен бөлінетін қаржы көлемі орасан.

Салыстыру үшін айтсақ, елорданың символына айналған “Бәйтерек” монументінен Щучинскідегі трамплин кешені 15 есе қымбатқа түскен. Яғни, қарапайым туристік нысаннан бірнеше есе қымбат жобалар бүгінде толық қуатында жұмыс істемейді.

Мысалы, Щучинскідегі трамплин кешені жарыс өткізбейді, жаттығу жүргізілмейді, климаттық жағдайлар сәйкес келмейді деген себеппен пайдаланылмай келеді. Алайда, бұл нысанның тек бос тұрғаны үшін жыл сайын 472 миллион теңге бюджеттен бөлініп отыр. Сәйкесінше, кешен жұмыс істемесе де, оны күтіп ұстау шығындары тоқтаусыз жүріп жатыр.

“Сұңқар” трамплинінде де жағдай ұқсас. 2000 жылдардың соңында пайдалануға берілген кешенге жыл сайын шамамен 469 миллион теңге жұмсалады. Бұл 15 жыл бойы тұрақты шығын деген сөз. Кейде мұнда спорт мектептерінің оқушылары тегін жаттығады, дегенмен бұл бюджет шығындарын толық ақтамайтыны анық.

Алматы Арена — 12 мың орындық ірі спорт кешені. Дегенмен, Бельгиядағы AFAS стадионы бұл нысаннан жеті есе арзан, бірақ 20 мың көрерменге лайықталған. Осыдан кейін “біз неге қымбат төлейміз?” деген заңды сұрақ туындайды. Сарапшылар мұны құрылыс саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады.

Сметалық есептерде құрылыс материалдарының, қызметтердің бағасы нақты нарық бағасынан бірнеше есе жоғары көрсетілетіні туралы көп айтылып келеді. Мұндай жағдайда “артық” қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы күмән күшейе түседі. Нысан жұмыс істемесе немесе талапқа сай келмесе, жауапкершілік жекелеген мердігерге немесе бір лауазымды тұлғаға ғана жүктеледі. Ал жобалаушы, тапсырыс беруші және бекітуші органдардың жауапкершілігі назардан тыс қалады.

Қазақстанда соңғы жылдары бой көтерген бірқатар спорт нысаны мен инфрақұрылымдық жоба қоғамдық тиімділігі тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді. Қыруар қаржы жұмсалғанымен, олардың пайдаланылуы, тиімділігі, әлеуметтік қайтарымы төмен. Ең бастысы, мұндай жобаларға парламенттік немесе қоғамдық бақылау тетіктерінің әлсіздігі байқалады. Қоғамдық пікір тек әлеуметтік желідегі реакциялармен шектеледі, ал жүйелі талдау мен нақты сұрау механизмі қалыптаспаған.

Жобалар қанша “ұлттық” деген атқа ие болғанымен, олардың артында нақты ашықтық, есептілік және тиімділік болмаса — бұл тек сандар мен сылтауға айналады. Қоғам үшін маңыздысы — көрсеткіш емес, нәтиже. Ал шынайы нәтиже болу үшін басқару мен бюджетке деген жауапкершілік артуға тиіс.

Дереккөз: Juzmedia

Оқылып жатыр

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

«Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

Ақтөбеде білім мен медицинаға бағытталған ірі жобалар жүзеге асып жатыр — Асхат Шахаров

«Үй өртеніп, 12 адамнан айырылып отырғанда не ақыл отыр»: Депутат Ардақ Назаров тағы да жұртқа жақпай қалды

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

Соңғы жазбалар

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

19 Қараша, 2025

«Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысының тұрғындары жылдың соңына дейін 100 пайыз таза сумен қамтамасыз етіледі — облыс әкімі

19 Қараша, 2025

«Ешқандай мақтанатын дүние емес»: Актер Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікірі үшін сынға қалды

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында 2025 жылы 28 ауыл газбен қамтылады

19 Қараша, 2025

2025 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 15 млрд теңге бағытталды

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.