Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәлімдеуінше, Қазақстандағы уақыт белдеуінің өзгеруі халық өміріне теріс әсерін тигізген жоқ,деп хабарлайды Todayinfo.
Уақыт белдеуінің әсерін бағалау үшін медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика және физиология салаларының мамандары кешенді зерттеу жүргізді.
Зерттеу барысында 40-тан астам көрсеткіштер сараланып, халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек өнімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол-көлік оқиғаларына және қылмыс деңгейіне ықпалы талданды. Нәтижесінде уақыт белдеуінің өзгеруі өмір сапасына кері әсер етпегені анықталды.
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара, Күршім аудандарында тұрғындардың сұранысы бойынша жұмыс кестесі 08:00-17:30 аралығына ауыстырылды. Бұл қадам жұмыс уақытын оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етпек.