Қазақстанда жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 21 387-ге жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстандық отбасылардың қамқорлығы
Министрліктің мәліметі бойынша, бұл балалардың 17 660-ы, яғни 82 пайызы қазақстандық отбасылардың қамқорлығына алынған. Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілген.
Жетімдер үйіндегі жан түршігерлік жағдайлар
Өкінішке қарай, Қазақстандағы жетімдер үйлерінде жағымсыз жағдайлар да орын алып тұрады. Мәселен, жуырда Павлодар облысындағы жетімдер үйінде 8 қыз баланы зорлады деген күдіктілердің қамалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
PS:
Қазақстанда жетім балалар санының көп болуы өзекті мәселелердің бірі. Дегенмен, қуантарлығы, олардың басым бөлігі қазақстандық отбасылардың қамқорлығына алынған