Тигран Кеосаян ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді. Бұл туралы радио жүргізушісі Никита Небылицкий Мәскеудегі сенімді дереккөздеріне сүйеніп хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz.
Кеосаянның жағдайы қандай?
Радио жүргізушісінің айтуынша, Тигран Кеосаян қазіргі уақытта ауруханада комада жатыр. Оның жағдайының ауырлығына байланысты оған екі діни қызметкер келген: алдымен православие өкілі, кейін армян Григориан шіркеуінің қызметкері. Ауруханадағы мамандар науқастың жағдайының нақты себебін әлі ресми түрде түсіндірген жоқ. Айта кетейік, Кеосаян бұған дейін инфаркт алған болатын.
Небылицкийдің сөзінше, комаға түсу медициналық әрекетке байланысты емес. Бұл жағдайдың егжей-тегжейі медицина мекемесінен расталмаған.
Қазақстанға қарсы мәлімдемесі
2022 жылдың 27 сәуірінде Тигран Кеосаян Қазақстанға қарата арандатушы мәлімдеме жасаған еді. Ол:
«Украинаға қарап, байыпты түрде ойлаңыздар. Біз де қарым-қатынас деңгейін қайта қарастыруымыз керек. Егер сіздер айлакерлікпен бәрін шешеміз деп ойласаңыздар, қатты қателесесіздер,» – деген еді.
Бұл мәлімдемеден кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кеосаянды елге кіргізуге тыйым салынатынын жариялады. Кейіннен ресейлік тележүргізуші Қазақстан үшін нон грата тұлғалардың тізіміне енгізілді.