Қазақстандық әнші Alex Lim халықаралық жас орындаушылардың әйгілі музыка байқауы – «Жаңа толқын – 2025» жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Todayinfo.
Байқау нәтижелері
Жюри төрағасы Игорь Крутой финалда қазақстандық өнерпаздың жеңіске жеткенін жариялады.
-
2-орын – Ресейдің «Оберег» фолк-тобі.
-
3-орын – ресейлік Jummy және қазақстандық Yernazar.
View this post on Instagram
Alex Lim туралы деректер
-
Туған жері – Балқаш.
-
Жасы – 33.
-
Жоғары білімін Ресейдің Тверь қаласында алған.
-
Арнайы музыкалық білімі жоқ, бірақ көптеген вокалдық байқауларға қатысып, тәжірибе жинаған.
-
«Жаңа толқын» тарихында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық өнерпаз болды.
Байқау жайлы мәлімет
-
Өткізілген орны – New Wave Hall, Қазан (Татарстан, РФ).
-
Өткізу уақыты – 21–23 тамыз 2025 жыл.
-
Финалда 6 елден 13 қатысушы бақ сынады: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь және Грузия.
View this post on Instagram
Маңызы
Alex Lim-нің жеңісі Қазақстанның эстрадасы үшін тарихи жетістік саналады. Бұл қадам отандық орындаушылардың халықаралық деңгейде танылуына жол ашып отыр.