Фото: «Қайрат» ФК
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челси» клубына қабылданатын болды. Бұл туралы BBC мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
ВВС журналисі Низар Кинселла Алматының «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сатпаевтың «Челси» клубына ауысатынын мәлімдеді.
«Жас қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челси» клубының академиясына қосылады. Оның жасы 16-да»,-деп жазды Кинселла әлеуметтік желіде.
2024 жылдың желтоқсан айында жас шабуылшы «Челси» клубында сынақтан өтіп келді.
Айта кетсек, бұған дейін Ермұхамед Мәулен лондондық клубтың алматылық жас жұлдызды өз қатарына қосуды көздеп отырғанын айтқан.