Фото: depositphotos.com
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресейде қазақстандық құс етінен листерия бактериясы анықталғаны туралы ақпаратқа ресми жауап берді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
29 қаңтарда Ресейдің «Россельхознадзор» мекемесі «Макинск құс фабрикасының» өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілгенін хабарлаған болатын.
«Күшейтілген зертханалық бақылау кезінде кәсіпорын өндірген өнімдер Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында тасымалдана алады. Алайда әрбір партия міндетті түрде зертханалық тексерістен өтуі тиіс. Қазіргі таңда комитет «Россельхознадзордан» зертханалық зерттеу нәтижелерін растайтын ресми ақпарат алған жоқ», – делінген ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәлімдемесінде.