Фото: istockphoto.com
Бірінші кредиттік бюро қазақстандықтардың жалпы қарызына шолу жасаған, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жеке тұлғалардың несиелік портфелі 2025 жылдың басында 24,1 трлн теңгені құрап, жылдық өсім 22,9%-ға жетті. Бұл көлемнің 90%-дан астамы кепілсіз тұтынушылық несие, ипотека және автонесиеге тиесілі.
Ипотекалық портфель бір жылда 14,1%-ға артып, 6,7 трлн теңгеге жетті. Ипотека бойынша келісімшарттар саны 9,9%-ға көбейіп, 627,6 мың бірлікті құраса, қарыз алушылар саны 10,3%-ға өсіп, 600 мыңға жуықтады.
«Өткен жылы ипотекалық несиелер бойынша белсенділік айтарлықтай артқан. Келісімшарттардың жалпы көлемі 27,8%-ға өсіп, 2,2 трлн теңгеге жетті. Несие саны 18,9%-ға ұлғайып, 136,8 мың бірлікті құрады. Ипотека рәсімдеген қарыз алушылар саны 21%-ға артып, 134 мың адамға жетті», — делінген хабарламада.