Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады
  • «Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды
  • Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
  • Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды
  • Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
  • Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт
  • «Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады
  • Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

21 Қазан, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Kyzylorda-news.kz 

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясаты тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен көзқарасына негізделген. 2020 жылдың 6 наурызында Президент 2020–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыртқы саяси даму тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат елдің сыртқы саясаттағы сабақтастығын сақтай отырып, көпвекторлы және теңгерімді бағытты нығайтуды көздейді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Көпвекторлы саясат — Қазақстанның геосаяси жағдайынан туындайтын объективті қажеттілік. Еуразия құрлығының дәл жүрегінде орналасқан ел үшін көршілес мемлекеттермен тату қатынас орнату, әлемдік державалармен тең әріптестік орнату — ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі.

Жаңа тұжырымдама қазіргі әлемнің күрделі динамикасына бейімделіп, жаһандық өзгерістер мен өңірлік қауіптерге дер кезінде жауап беруді көздейді. Себебі халықаралық ахуал үнемі өзгеріп отырады, ал Қазақстан оған икемді әрі уақтылы жауап беріп келеді.

Белгілі саясаттанушы Қайрат Айтбайұлы еліміздің көпвекторлы бағытының тиімділігін ерекше атап өтті:

«Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап көпвекторлы саясатты ұстанып келеді. Бұл – біздің географиялық жағдайымыз бен тарихымыздан туындайтын табиғи таңдау. Көршілермен тату болу – халқымыздың ежелгі ұстанымы. Осы саясаттың арқасында Қазақстан әлемдік аренада өз орнын айқын алды», – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы және прагматикалық саясаты елдің халықаралық беделін жаңа деңгейге көтерді:

«Президентіміздің бір жылдың ішінде бірнеше елмен ынтымақтастық орнатып, стратегиялық байланыстарды күшейтуі – соның айқын дәлелі. Біздің елге де көптеген мемлекеттердің басшылары келіп, ірі келісімдерге қол қойып жатыр. Мұның бәрі елге инвестиция тартуға және экономикалық өсімге жол ашуда», – деді саясаттанушы.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық мінберлердегі бастамаларына да назар аударды:

«Биыл БҰҰ мінберінде Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар мен ғаламдық әділдік туралы батыл ұсыныстар айтты. Бұл ойлар кейін басқа елдерде де қолдау тапты. Ал елордада өткен Digital форумында Қазақстанға қомақты инвестициялар тартылып, жаңа келісімдер жасалды. Мұның бәрі еліміздің алдыңғы қатарлы, сенімді серіктес мемлекет екенін дәлелдейді», – деді Қайрат Айтбайұлы.

Қазақстанның көпвекторлы саясаты бүгінде елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық аренадағы беделін де арттырып отыр. Бұл бағыт ел дамуының стратегиялық іргетасына айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп келеді.

Оқылып жатыр

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Астанада есірткі таратқан қыз 10 жылға сотталды 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

Соңғы жазбалар

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

21 Қазан, 2025

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

21 Қазан, 2025

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

21 Қазан, 2025

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

21 Қазан, 2025

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

21 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәуірінде рухани бағдарды қалай сақтау керек: Алматыда дін өкілдері бас қосты

21 Қазан, 2025

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.