Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады
  • «Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты
  • Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»
  • Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін
  • Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті
  • «Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді
  • НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қазақта қуғын-сүргін ызғары шарпымаған әулет жоқ»: Түркістанда зерттеу жұмыстарына 25-тен астам ғалым тартылған

«Қазақта қуғын-сүргін ызғары шарпымаған әулет жоқ»: Түркістанда зерттеу жұмыстарына 25-тен астам ғалым тартылған

27 Қыркүйек, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Жарлығына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде аймақтық комиссиялар құрылды. Соның негізінде бірқатар нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылды. Түркістан өңіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда құрылып, жұмысына өңіріміздің 25-тен астам тарихшы ғалымдары, доценттер, phd докторлар, сарапшылар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры, архив саласының қызметкерлері және т.б. азаматтар тартылған. Алайда кеңестік кезеңде қуғын-сүргінге ұшыраған дін өкілдері туралы ақиқат әлі де толық ашыла қойған жоқ.

Кеңес билігі 1917 жылдан бастап баспасөз беттерінде молда-ишандарды қаскүнем, ел ішін ала тайдай бүлдірген бұзақы, социалистік құрылысты күйретуді көздеген лаңкес етіп көрсете бастады. Олардың бірін жазаға тартып, басқа жаққа жер аударып жіберсе, енді бірін ұзақ жылға абақтыға қамады. Кешегі дін исламның бастауы, ізгілік пен имандылықтың ордасы болған діни мектептер мен медреселердің есігіне құлып салынып, ұлттың рухани толысуы барынша тежелді.

Бұл туралы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылын дамытуға бар күш-қайратын жұмсаған, 60-90-шы жылдарда басшылық қызметтер атқарған Мамыт Мыңбаев өзінің «Қайта келмес күндер» атты ғұмырбаяндық хикаятында былай дейді:
«Шаянның орталығында төрт тараптан келген талапты шәкірттерге мұсылманша хат танытатын үлкен медресе болған. Ол 1900-1905 жылдары салынған деседі. Медреседе жастар арабша сауат ашқан. Қызыл өкіметтің кезінде, дәлірегіне келсек, 1960 жылдарға дейін райкомнан бастап түрлі мекемелер осы медресеге түгел сыйып, киелі орынды кеңсе еткен».
1912 жылға дейін оңтүстік өңірінде 7290 мектеп, 376 медресе болды. Дегенмен 1930 жылға қарай Түркістанда 100 мешіт жабылып, киелі жерлер қараусыз қалды. Тіпті, бертіндегі 1959 жылдың өзінде елімізде 20-ға тарта зиярат жасайтын орындар жұмысын тоқтатты. Сол кездің билігі мерзімді баспасөз арқылы дін өкілдерін қоғамнан шеттетіп бақты. Түркістан облыстық мемлекеттік архивінде сақталған мына бір құжатта молда-ишандарды былай деп қаралаған:

«1930 жылғы 9 февральда Түркістан қаласында митингіге жиналған Түркістан қаласы мен ауданының еңбекшілері, жалшы-батырақтары, колхоз мүшелері, орташалар бастап үкіметтің социалдық құрылысы жөнінен ауыл шаруашылығын қайтадан құрып, еңбекшілерді ұйымдастырып, коллектив құрылысын үдетіп, байлар табын құрту жөнінде устав жолын жүргізіп жатқан барлық шараларын бірауыздан қуаттаймыз.
Тап жауларымыз – байлар, ишан-молда сияқты оңбағандарды мал-мүліктен, жер-судан жұрдай қылып, олардың шаруашылықтарын еңбектері сіңген колхоздарға, усойқы қатты шаралар қолданып, аудан көлемінен ат қойылып айдалуын Түркістан еңбекшілерінің атынан сұраймыз».

Мұндай қаулылар мұрағат қорларында жеткілікті. Ал, «Ақ жол» газетінде жарық көрген «Көн қатса қалпына барады» деген мақалада Шымкент қаласындағы Кенжеқожа ишанды «… күндіз-түні сырлаған мешіттен шықпай, үстіне үлкен ұзын шапан жамылып, басына 15 құлаш сәлде орап, мойнына ат тізгініндей ұзын тәспі салып, «ата кәсібі» деп елден мерзімді уақытта қайыр-садақа, ақыраж, зекет, підия, тағы соған ұқсаған ағынсыз-шығынсыз халықтан өнетін нәрселерді жинап алып бүк түсіп, Аллаға ғибадатын айтып жататын зор ишан болушы еді» деп дүмше етіп көрсетеді. «Сәлделі коммунист енді тәсбихқа ұмтылды» деген мақалада Түркістан уезі, Алшын махалласындағы мешітте имам болған Сыздық молда Бахриддиновті әжуалап, тіпті оның жеке басының кемістігін де көпке жайған.

«…Жарықтық молдекең амалға қызықты ма, заман реті солай болды ма, әйтеуір не керек, кеңес хүкіметі орнағаннан кейін сәлдені лақтырып тастап комитетке председатель болды. 1919 жылы партияға жазылып, молда үлкейді. Рабочий крестьянский инспекцияға кіріп, бүтін Түркістан мекемелерін тексеретін болды.
Сәлдені председатель болғаннан кейін-ақ лақтырған. Біртіндеп намаздан да қалды, мешіттің бет-аузын көрмейтін болды. Тәсбихты қолына ұстамақ түгіл үйінде де көре алмайтын болды.
Молдекең бір уақыт еңбек комитетіне кіріп ат ұстап, адам ұстап, суға айдайтын қызметті атқаратын болды. Көшеде адам көрінсе ұстап алып, суға айдайды. Бұл іс молданың атағын жайып, даңқын шығарды. Даласы бар, қаласы бар бүтін үйезде молданы білмейтін жан болмады. Қойшы, не керек, «қотыр молда келе жатыр» десе, жылап жатқан балаға дейін уанатын болды», — делінген.

Қысқасы, заманында өз төңіректеріне есімдері белгілі ишан-молдалар осылайша газет бетіндегі фельетонның басты кейіпкеріне айналып жатты.
Келес ауданындағы дін өкілдерінің басына төнген нәубет жайлы да айта кетейік. 1931 жылдың 31 наурызында Келес ауданына қарасты 27-санды ауылдық Кеңестің қарамағындағы кедей, батырақ топтарының басын қосқан жиында егіс науқанына кесірін тигізгендердің мәселелері қаралады. Айыпталғандардың ішінде ишан-молдалар Дәрменқұл Әлімұлы мен Малдын Мырзаұлының есімдері аталды. Оларға қатаң шара қолдану талап етілді.

«Дәрменқұл Әлімұлы – жасы 64-те. Бір үйде 6 жан. Істейтін кәсібі дін молдасы болған. Жұртты алдап-арбап, көп сопын айтып, көлеңкенің қоюын іздеп, кісі күшінен пайдаланған. Кедей еңбекшілердің теспей қанын сорған. Бұл өзі үйі-жайы ескі Ташкенде. Өзі Өзбекстанда тұтқында жатыр. Алдымыздағы жүріп жатқан егіс науқандарымызға халық ортасында теріс үгітті таратқан. Сондықтан жұрттың қаулысына лайық жер аударылуға ұйғарылсын.
Малдын Мырзаұлы – жасы 28-де. Бір үйде 4 жан. Бұл өзі Қазақстанның тұтқынында жатыр. Ата тегі дін молдасы болып, жұртты алдап-арбап, азғырып, үп дегеніне бір пұт бидай алып, халықты теспей қанын сорған. Бұл ағасы кулак Пақыриддиннің колхоз арасындағы ағасы кулактың малын ұрлап беріп, кулакпен байланыс жасаған. Алдымыздағы жүріп жатқан саяси науқандарға кедергі келтіріп, кеңеске тап дұшпандығын білдірген. Колхоз құрылысында бірнеше кедейді теріс үгіт арқылы іріткі салып, кедергі келтіріп жүрген. Сондықтан бұл жер аударылуға ұйғарылды» делінген ұйғарымда.
Сайрам ауданындағы Қарабұлақ-Калинин қышлақ шорасының құрамында болған хақысыз (саяси-қуғын сүргінге ұшыраған) ишандар жайлы да қолда бар мағлұматтармен бөлісейік. 1928-1930 жылдар аралығында Әбдірахим Тойшыбекұлы, Исраил Имамұлы, Маманияз Әлиметұлы, Атанияз Тоқтарұлы, Мүтәл Артық-
байұлы, Дәйімқұл Хәйтекұлы Шымкент қаласында қамауға алынса, Ибрахим Нышанұлы, Мырзадәулет Ботаұлы, Гүлтөрехан Ишанханұлы, Моланай Нұрмұхамедұлы, Молда-
өмір Тәшметұлы, Атахан Рысбайұлы, Құдайберген Халметұлы, Әбдіғани Анарматұлы қудалаудан белгісіз жаққа қашып, бой тасалаған. Ал, Мәлікжан Мырзабай-ұлы секілді біраз ишандардың кейінгі тағдыры туралы дерек жоқ,

Сондай-ақ, Қарамұрт қақпасындағы хақысыздардың қатарында 1929 жылы дамолла (ислам дінін насихаттауға еңбек сіңірген, діни білім дәрежесі бар адам) болған Төленді Ахметназарұлы төңкеріс тұсындағы қысым мен қудалауға шыдай алмай көз жұмса, Әбдіхадір Әбдірайымұлы деген дамолла Қоқанға ауған. Құлатқожа Байсақожаұлы, Жалал Нұрметұлы, Низамхан Камалханұлы секілді дін өкілдері Ташкентке көшкен. Осы қарамұрттықтардың ішінде байлығы мен молдалығы бетіне шіркеу болған Құранбек Әлімұлы, Тойшы Момынбайұлы, Шыман Райымжанұлы секілді есімі елге белгілі имамдар ғана Шымкентте тұрақтап қалған. Ал, Әбділхары Әбдімәуленұлы, Өмерхан Әбдірайымұлы, Қаралхан Өмерханұлы, Әбдірахман Қолатұлы Ташкентке үдере қашқан.

Тарихта «ақтаңдақтар» деген атпен қалған сталиндік солақай саясат жылдары әрбір қазақстандықтың есінде мәңгі сақталады. Өз халқының болашағы жолында адал қызмет еткен және сол жолда құрбан болған ерлеріміздің атқарған істері кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Сол жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысында 576 коммунист «үштіктің» үкімімен сотталса, оның 58-і облыстық, аудандық партия, Кеңес органдары мен ұйымдарының, мекемелердің бастықтары еді. Олардың 36-сы атылды. Облыс көлемінде сол жылдары 1773 адам қуғын-сүргінге ұшырап, 595-і атылған екен.

Біздің бүгінгі тәуелсіздігіміз осындай тар жол, тайғақ кешулермен келген. Өткен тарихымызды білмеу – тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау – баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз, қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларымыздың алдындағы перзенттік борышымыз деп түсінейік.

Бұлар біздің қолымызға түскен құжаттардағы сайрамдық ишан-молдалардың бір парасы ғана. Олардың қатары бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сондықтан қуғынға ұшыраған дін өкілдері туралы мәліметтерді іздей беруіміз керек. Өйткені, кеңестік режим кезінде құрбандыққа ұшыраған дін қызметкерлері толық ақталып, есімдері дәріптелуі керек деп білеміз.

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

21 Қыркүйек, 2025

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

21 Қыркүйек, 2025

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

21 Қыркүйек, 2025

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

20 Қыркүйек, 2025

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.