Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қазақтар Америкада да бірін бірі көре алмайды, алауыздық бар»: Нью Йорктағы құрылысшы жігітпен сұхбат

28 марта, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбенің тумасы Берік Уталин елуден асқан шағында АҚШ-қа қоныс аударған қазақтардың бірі. Қазір жасы 56-да. Қазақстанда ойыншық пен кеңсе тауарлар желісін дамытқан Берік Нью Йоркқа келген соң, құрылысшыға айналған. Нью Йоркте қазақтардың басын қосып, түрлі жиындар өткізетін Берік Уталин өзге елдегі өмірі жайлы Todayinfo тілшісіне айтып берді.

— Берік аға “Америкалық арманыңызға” жеттіңіз бе?

АҚШ-қа келгеніме үш жыл болды. 2022 жылы АҚШ-тағы қазақтар  Наурыз мерекесін тойлады. Сонда маған осы АҚШ-тан хабарласты. Сіз елде жүрсіз ғой, бізге киіз үй әкеліп беріңізші деген ұсыныс түсті. Содан ең алғаш мен ағаштан жасалған киіз үйді мерекеге арнайы арқалап алып келдім. Ол наурыз мерекесі Нью Джерсиде өтті.  Той ұйымдастырып, қыздың беташарын өткіздік.  Содан маған Америка ұнап қалып қойдым. Өзім Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында туғанмын.  Қазақстанда бизнеспен айналыстым,  «канцтовар» магазинім болды. Мектеп жәрмеңкелерін ұйымдастырдым. Отбасымда екі балам бар.

— АҚШ-та қандай жұмыспен айналысып жатырсыз ?

АҚШ-тағы Нью Йорк қаласында мен құрылыспен айналысамын.  Америкада біраз үй салып тастадым. Көшеде жүргенде салған үйлерімді көріп таңқаламын, менің шынымен Америкада қолтаңбам бар ғой деп. Кейін немерелеріме “мына үйлерді мен салдым ” деп мақтанып айтамын. Мұнда келгелі қазақтардың басын қосып, бір ұйым құруға үлес қостым да, сосын оған көп араласпадым. Бұл жердегі қазақтардың ауызбіршілігі әртүрлі. Біреуі жасап жатса, басқалары сынап жатады.  Былайша айтқанда көреалмаушылық бар. Трамп келгелі қазақтардың жағдайы мәз емес.  Әсіресе Мексика арқылы келіп жатқандарды кері қайтарып жатыр. Ал бұрыннан осында орнығып, жүйелі еңбек етіп жатқандарға ешкім мәселе тудырып жатқан жоқ.

— Америкада қазақтарға табысты, ыңғайлы жұмыс табуға мүмкіндік қалай?

Америкада қазақтарға жұмыс табу оңай деп айта алмаймын. Бірақ жұмыс табылады. Тіл білмегеннен кейін, жұмысқа тез ала бермейді. Мұнда елдер фейсбук, инстаграм арқылы жұмыс тауып жатады. Мындағы Өзбектер мен Қырғыздардың диаспорасы бірін-бірі қатты қолдайды. Бизнес ашса, Отандастарын көптеп тартады. Ал біздің қазақтарда олай бір-бірін жұмысқа көп тартпайды. Келген қазақтар қара жұмыс тауып істеп жатыр.

— Құрылыс саласында жақсы табыс табуға болатын шығар…

Айына 6 мың доллар табыс табамын. Қазақстанда үлкен канцтовар дүкенім бар. Табысымның бәрін Алматыдағы канцтовар сататын дүкеніме құямын. Жүз доллар салсам, бір аптадан кейін 200 долларға дейін  өсіремін дегендей.  Сосын балалардың ойыншықтарын сататын дүкенім бар. Осы АҚШ-та тапқан ақшамды Қазақстандағы бизнесіме салып, көбейтіп жатырмын. Мен үй алып, ақшаның басын байламаймын. Тапқан жалақым салықпен кетеді деп айтпаймын.  Бұл жақта алған затыңмен салықты жауып жіберуге болады. Менің салығым 57 мың доллар болып тұрса, мен сондай сомаға машина алсам, мен  сол ақшаны салыққа жатқызып, салықтан құтылуыма болады.

— Елге қайтпайтын сияқтысыз ғой? 

Елге қайту әзерге жоспарда жоқ. Мұнда жүргендер түбінде қайтады ғой. Әсіресе мұндағы өзбек, қырғыз, қазақ диаспоралары жас кезінде осында жұмыс істеп, елдерінен үй алып, бизнес ашқан соң, қайтуға тырысады. Бірақ мұнда пенсия алып тұрғылары да келеді.  Америка мың жарым доллардай зейнетақы төлейді. Мен де сол талант визасын алсам деп жүрмін.

— Бала-шағаны тастап, бөтен елде сұр бойдақ жүру қиын емес пе?

Қиын әрине. Менде таныстарым көп. Тоқал алғам жоқ. Бірақ “гостевой брак” деген бар. Бұл қазіргі тренд. Мысалы, Алматыдан Ақтауға жұмыс бабымен барсаң, сол жақтан да нәзік жан тауып алып жататындар бар. Қазақстандағы отбасыма мереке кездерінде  ғана ақша жіберіп тұрамын. Мен балаларымның бәріне жағдай жасап, ауыздарынан ақ май ағызып кеткенмін. Бәрінде үйі де, бизнестері де бар.

Менің хоббиім бар. Бірақ ешкімге көрсетпеймін ұяламын. Әсіресе мерекелерге арнап жазамын өлеңдер. Сосын оны өшіріп тастаймын, ұят болар деп. Осы жолы қыздарға арнап бір өлең жазғам. Соны жариялаңыздаршы

— Жақында аяғыңыз сынып,  Нью Йорктегі ауруханаға жатып шықтым дедіңіз? Америкада ауырмау керек, ауырсаң емделу қымбат деп жатады, медициналық қызметіне көңіліңіз толды ма?  

Медицинасы жақсы. Бұл жақта медициналық сақтандыру полисі жақсы жұмыс істейді.  Мысалы менің аяғым сынды. Ауруханада мені жақсы бақты, емдеді. Ауруханаға өздері таксимен мені алып келеді, алып кетеді.  Қарапайым адамға, науқасқа деген көңіл бөлу  әрекеттеріне риза боласың. Бұл жақта кейбір адамдар обырдан да емделіп жатады. 3-4 стадиядағы обырмен ауырғандардың аман-есен жазылып шыққандарды да көзім көрді.

Сұхбатыңызға рахмет

Оқылып жатыр

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына украиналық дрон да себеп болған – Путин

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Дональд Трамп Газа секторына баруы мүмкін

Соңғы жазбалар

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.