Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қазақтар шариғатпен емес, әдет-ғұрыппен басқарған»: Желіде ҚМДБ-ның тұңғыш төрағасының айтқан сөзі тарады

9 марта, 2025 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: youtube.com

«Бұл кісі сәләфиттерді Қазақстанға кіргізбеймін деген сөзінен кейін орнынан түсті».

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының тұңғыш төрағасы Ратбек қажы Нысанбайұлының қазақ қоғамындағы діннің орны туралы осындан бірнеше жыл бұрын айтқан пікірі тарады. Видео үзінді нақты қандай бағдарламадан алынғаны белгісіз, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Видеоның сипаттамасындағы ақпаратқа сенсек, аталмыш пікір 80-жылдары айтылған. Онда Ратбек қажы қазақ халқы шариғатпен емес, салт-дәстүрді басшылыққа алып өмір сүргенін айтады.

«Біздің бабаларымыз да үлкен адам болған. Бірақ, мен солардан бала кезімде естіген сөздерімді кейін Бұхарада оқып жүргенде кітаптан таппадым. Кейін Арабияда университетте оқып жүрген уақытта біздің қазақты немен басқарғанын таптым. Сөйтсем, бізді шариғат үкімімен емес, әдет-ғұрыппен басқарған. Сонда бізге өткен «Дін негіздері» деген сабақта қазақты немен басқарғанын таптым. Бірақ, өте ақылды адамдар басқарған. Қошқар болар тоқтының маңдай жері дөң болар. Адам болар жігіттің айтқан сөзі жөн болар, дегендей келешекте адам болатын балаларды жас кезінен тәрбиелеген. Сондықтан Төле би бабамыз, қаз дауысты Қазыбек би бабамыз, Әйтеке бабамыз дүние үшін емес, ел үшін қызмет етті. Өмірін елге берген, ертеңін ойламаған адамдар. Ертең қонақ келіп қалса, оны кім күтеді деп ойламаған. Қонақты халық өзі күте берген. Олар тек халық қамын ойлаған. Ал, біз ше? Бүгін осылай отырсақ, ертең қалай болар екен деп басқаша ойлауымыз мүмкін. Өйткені, нағыз халық үшін жұмыс істеген адамға біреулер басқаша қиянат та жасап қоюы мүмкін», — дейді Ратбек қажы.

Желі қолданушылары да еліміздің алғашқы бас муфтиінің осыдан бірнеше жыл бұрынғы пікірімен бір ауыздан келісуде.

«Дін саласы Ратбет қажы Мүфтияттан кетіп, Әбсаттар деген діни тарихшы келгеннен бастап бұзыла бастады. Бүкіл әсіредіншілдерді жинап, Қазақстанды бүлдірген», «Бұл кісі сәләфиттерді Қазақстанға кіргізбеймін деген сөзінен кейін орнынан түсті», «Осы кісінікі дұрыс еді», «Осы пікірді қолдаймын, 100% қазақ әдет-ғұрыппен басқарылу керек», — деп жазды олар.

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.