Фото: видео скриншот
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Алика Мұхамадиеваны ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиялық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алайда сот үкіміне сәйкес, жазаны өтеу мерзімі кейінге шегерілді, себебі сотталушының екі жасар баласы бар.
Соттың мәліметінше, мұндай жаза өтеуді кейінге қалдыру 2025 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті норма болып табылады. Енді кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, егер тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімі бес жылдан аспаса және қылмыс ауыр санатқа жатпаса, жазаны өтеу кейінге қалдырылады.

