Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды

Қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды

16 декабря, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ашық дереккөз

КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды.

Бибігүл Ахметқызы, 1929 жылы Семей қаласында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі, 1971-1979 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі, 1979 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры болды.

Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді.

Қазақ опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары: Жібек (Е. Брусиловский «Қыз Жібек»), Қарлығаш (А. Жұбанов және Л. Хамиди «Абай»), Гүлбаршын (Е. Рахмадиев «Алпамыс»), Джильда, Виолетта (Дж. Верди «Риголетто», «Травиата»). Ол «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған еді», «Тақиялы періште», «Балалық шағымның аспаны» фильмдерінде өз замандастарының тұлғасын жасады.

Гастрольдік сапармен Канадада, Францияда, АҚШ-та, Италияда, Швецияда, Египетте, Алжирде, Сирияда, Үндістанда болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 7-9-шақырылымдарының депутаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы.

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.