Қазақ кәсіпкерлері бордақылаған мал етіне шетелдіктердің сұранысы артты. Түркістан облысының Төле би ауданындағы шағын цех сұраныстың артуынан бүгінде ірі ет өндірушіге айналды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Оңтүстік өлкедегі «ADS Agro» кәсіпорны Қазақстанмен қатар шетелге де ет өнімдерін экспорттап келеді. Кәсіпорын басшысының сөзінше, бүгінде мал бордақылау алаңы үлкейіп, жылына 2 миллиард теңгенің ет өнімдерін сататын деңгейге жеткен. Шетедіктердің көңілінен шыққан етті сататын «ADS Agro» кәсіпорны Түркістан облысының Төле би ауданындағы Көксәйек атты шағын ғана ауылда орналасқан. Өндіріс орны қазіргі таңда отыздан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың бәрі жергілікті тұрғындар мен жоғары білікті кәсіби мамандар.
Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі, өндіріс орнының жұмысымен жан-жақты танысты. Еңбек адамдары өздерінің жұмысын нарықта 2011 жылы бастаған. Әу баста мал соятын алаңқайларды таппай тарыққан цехтың директоры, амалсыз өзгелердің жерін жалдап күн көрген. Жалдамалы бекеттерді қолданған кәсіпкерлер, уақыт өте келе мал сою орындарын салып алған.
Қазіргі таңда «ADS Agro» ЖШС-нің күніне жүзь бас ірі қара малын немесе алты жүз бас ұсақ мал союға мүмкіндігі бар алаңқайы бар. Одан бөлек үш мың бас ірі қара, алты мың бас ұсақ мал бордақылайтын алаңы бар. Кәсіпорын айналдырған оншақты жылда ет өнджіріп қана қоймай, ірі ет экспорттаушы өндіріс орнына айналып үлгерді.
«Жұмысымыз Алматы қаласының шұжық зауыттары мен үлкен дүкендер желісіне ет жеткізумен басталған. Бүгінде «Қазатомпром», «Теңізшевройл» сынды компаниялардың қызметкерлеріне ас дайындайтын орындарға ет өнімдерін сатамыз. Олар бізідң тұрақты тұтынушыларпымыз. Сонымен қатар Кувейт, Катар, Сауд Арабиясына қой етін экспорттауды қолға алдық. Бұл елдердәің бәрі мұсылман мемлекеттері болғандықтан еттің сапасына, малдың адалынан сойылуына дейін қатты мән береді. Біз олардың талабын толықтай орындай алатынымызды дәлелдедік»,- дейді «ADS Agro» ЖШС директоры Данияр Ақтаев.
Түрлі ет өнімдерін нарыққа шығаратын өндіріс орнында сұраныс бойынша қой еті көш бастап тұр. Қой етін тұтынушылар қатарында Иран, Ресейден бөлек бірнеше араб елдері де бар. Кәсіпорын басшысының пікірінше, сапа мен табиғилығы жағынан әлемде теңдесі жоқ боп саналатын қазақ қойына мұсылман елдері қатты қызығып отыр. Қой етін халал жүйесімен сойып, оларға жоғары сапада жеткізу басты мақсат болып табылады.
«Ет тұтынушылардың қолына жеткенше бірнеше кезеңдерден өтеді. Алдымен боршаланып, сүйегінен еті ажыратылғаннан кейін, таза сүйексіз жұмсақ ет вакуумделеді. Осылайша сатып алушыға ыңғайлы, әрі сапалы түрде жіберіледі. Аталған процесстер өндіріс орнындағы арнайы жіліктеу бөлімі мен орау бөлімдерінде жүзеге асады. Етті экспорттау үшін қойылатын талап өте жоғары, әрі сан түрлі сертификаттарың болу керек. Оның бәрін алу үшін ұзақ жыл еңбектеніп қана қоймай, сапалы ет өндіретін кәсіпорынға да айналдық», -деді «ADS Agro» ЖШС директоры.