Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі»: алматылықтар ұлттық домбыра күнін атап өтті

«Қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі»: алматылықтар ұлттық домбыра күнін атап өтті

6 Шілде, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Алматыдағы Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған ашық аспан астындағы ауқымды мерекелік концерт өтті. Күй мен жыр өрілген рухани кешке мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды, деп хабарлайды Todayinfo.

Концертке Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, ТҮРКСОЙ жанындағы Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты кеште сөз алған Алматы әкімі Дархан Сатыбалды домбыраның қазақ мәдениеті, руханияты және ұрпақтар сабақтастығының нышаны екенін атап өтті.

«Домбыра – қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі. Оның қос ішегінде ғасырлар сыры, бабалар рухы, ұлттың болмысы жатыр. Домбыраның әр пернесі – өткен мен бүгінді жалғастыратын алтын көпір, әр күйі – ұрпақтан ұрпаққа жеткен өшпес мұра. Бұл мейрам – ұлттық рухымызды жаңғыртып, мәдениетіміздің терең тамырын сезінуге шақыратын сәт. Қастерлі домбыра әр шаңырақтың төрінде, әр жүректің түбінде  әрдайым жаңғырып тұруы, мәңгі сақталуы тиіс. Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!», — деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Мерекелік концертте Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Мөлдір Әуелбекова, «Қоңыр» мен Ulytau топтары, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері мен басқа танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Кештің ең көркем шарықтау шегі Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Әлқисса» күйінің орындалуы болды. Одан кейін атақты домбырашылар мен олардың шәкірттері күй тартыс ұйымдастырып, орындаушылық шеберлік пен дәстүр сабақтастығын паш етті.

Концерт соңында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева «Домбыра туралы баллада» мен «Атамекен» әндерін тарту етіп, жиналған қауымның құлақ құрышын қандырды.

Оқылып жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.