Қажылыққа бармақ болған адамдарға 12 млн теңге шығын келтірген алматылық сотталды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Polisia.kz сілтемесе жасап.
Алматының 27 жастағы тұрғыны өзінің құқы жоқтығына қарамастан елді жинап қажылыққа апармақ болады. Бір жолдаманың құнын 423 мың теңге деп бағалаған ол 30 адамнан тұратын топ жинамақ болып, азаматтарды 12 млн теңгеге шығынға батырған.
Сот ер адамды қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырды.
«Сотталушы Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Түрмеде ол жеке кәсіпкерге ағаш кесуші ретінде жұмысқа орналастарылды. Айлығынан үкім бойынша төленген шығындарды өтеп, жалғызбасты анасына көмектесіп тұрады»,-деді сотталғандардың еңбек бөлімінің бастығы Нұрболат Сапарғалиев.