Танымал дәстүрлі әнші Досымжан Таңатаров қазіргі қоғамның тұрмыс-салтының өзгергенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, адамдар арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдай емес, жақын туыстардың өзі алдымен хабарласып, уақыт белгілеп барып қана үйге келетін жағдайға жетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Біз бұрын басқа уақытта тәрбиелендік, туыстарымыздың үйіне емін-еркін бара алатынбыз. Қазір ешкім ешкімге беймезгіл, бей уақытта бара алмайды. Барса, хабарласып, алдын ала айтады. Біздің кезде телефон да жоқ еді, үйіне барып алып, үйінде жоқ болып қалып, есігінің алдында отыра беретінбіз. Түннің бір жарымында құда бола ма, басқа бола ма, бір көрген адамның үйіне кіре беретінбіз», – деді әнші.
Оның сөзінше, бұрын адамдар кез келген жағдайда қонақты жылы қабылдайтын, ал бүгінде қоғамның өмір салты өзгерген.
«Қазір бөтен түгілі, өзіңнің туысыңның өзі «біз келе жатырмыз, бола ма, болмай ма?» деп ескертеді. Ол болмайды десе, ренжуге хақың жоқ. Сондықтан ұл-қыздарымыз басқа уақытта тәрбиеленіп келе жатыр», – деп қорытындылады әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram