Фото: ummet.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруына қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
ҚМБД-ның шариғат және пәтуа бөлімінің мәлімдеуінше, негізінде әр адам өз тегімен аталуы керек. Тіпті шариғат асырап алған баланың тегін өзгертуге рұқсат бермейді.
«Әр адам әкесінің атымен аталуы керек. Тұрмысқа шыққан әйел де өз тегінде қалғаны дұрыс. Оны өзгерту – харам болып саналады. Ал күйеуінің тегіне ауысуы не ауыспауы әйелдің өз еркінде, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегіне ауыстыруға міндеттмеуі керек», – деді ҚМБД пәтуасында.