Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қоғам белсендісі Алматыда құзырлы органдардың хостелдерге қысым көрсетіп жатқанын айтты

12 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Желіде қазақстандық қоғам белсендісі Шамиль Исламбакиев Алматыда хостелдердің барлығында қатаң тексерістер мен ірі көлемде айыппұл салынып жатқанын жеткізді. Айтуынша, түрлі мемлекеттік органдар ғимараттарға ескертпестен келіп, көптеген хостелге әр кемшілік үшін 800 мың теңгеден аса айыппұл салып жатыр.  

Фото: pixabay.com

Бұрын өзі де осы кәсіп түрімен айналысқан азамат facebook желіcінде мұндай тексерістің бизнес өкілдеріне қиындық тудырып жатқанын жеткізді.

“Алматыда хостелдерді қысымға алып жатыр! Оларға барлық орган: СЭС, ГАСК, салық, өрт сөндірушілер, полицейлер, көші-қон полициясы тексеруге барып жатыр. Ескертусіз келіп, бірден үлкен айыппұлдар салады. Меніңше, құзырлы органдар бизнестің бұл түрінің форматы мен тұжырымдамасын түсінбейтін сияқты. Олар хостелдерге қонақүйге қойылатын талаптарды қояды”, – деді Шамиль Исламбакиев.

Қоғам белсендісінің айтуынша, айыппұл салдарынан көптеген нысандар жабылуға мәжбүр. Тіпті кейбірі құлдыраудың сәл-ақ алдында тұр екен.

“Кір жуатын орынмен келісімшарт жоқ, әр бөлмеде кондиционер жоқ, дәретханада қағаз сүлгілер жоқ деп әр ескертпе үшін 849 мың теңге айыппұл салған. Жуғыш заттарға сертификат жоқ деп тағы 849 мың теңге арқалатқан. Хостел қонақүй емес. Бұл – арзан бағаға төмен жайлылықпен орын беру. Хостелдер мұндай бағамен қонақүй деңгейінде қызмет көрсете алмайды. Бұл тиімсіз болып, қызметтердің күрт қымбаттауына әкеліп соғады. Салдарынан қаладағы мыңдаған адам баспанасыз қалуы мүмкін. Себебі пәтер жалдап, қонақүйде тұруға мүмкіндігі жоқ жандар осы қызметке жүгінеді. Хостелдер туристер арасында да сұранысқа ие. Олар да туризмнің дамуына үлес қосып келеді”, – деп қосты ол.

Шамиль Исламбакиев 2023 жылдың соңында Алматыдағы хостелдердің бірінде болған қайғылы оқиғадан кейін тексерулердің жүргізілгенін тілге тиек етті.

“Бірақ тараптардың әрқайсысының (мемлекет, бизнес, қоғам және тұрғындар) мүдделерін ескеріп, талаптар мен ережелерді қалыптастырудың орнына, хостелдерге қысым мен салық жүктемесін көбейтіп жатыр. Қауіпті аймақтағы жертөледегі орындармен күресудің орнына, өздеріне түсініксіз болған бұл бизнес түрін барынша жоюды қолға алса керек”, – деп жазды белсенді.

Осы жайтқа байланысты Stan.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы бақылау басқармасынан жағдайдың анық-қанығын сұрады. Ведомство мәліметінше жыл басынан бері 175 хостелге тексеру жүргізілген.

“Департамент Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 14.08.2024 жылғы №2-01-24-65187 тапсырмасын орындау мақсатында бекітілген тізімге сәйкес (жатақханалар мен хостелдер) өз өкілеттік шеңберінде өрт қауіпсіздігі заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізуді ұйымдастырды. Тексеріс нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша 162 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 147 тұлғаға ескерту және 15 тұлғаға жалпы сомасы 535 мың 340 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 8 хостел бойынша нұсқамаларды тиісінше орындамағаны үшін материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жіберілді. Бүгінде барлық материал қарастырылып, жалпы сомасы 1,8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды”, – деді ведомство.

Еске салайық, былтыр 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан еді. Көз жұмғандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Ал Алматы әкімдігі марқұмдардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді.

 

айтты Алматыда белсендісі жатқанын көрсетіп органдардың хостелдерге қоғам қысым Құзырлы

Оқылып жатыр

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.