Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қант диабеті неден пайда болады: Себептері
  • Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар
  • Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы
  • Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)
  • Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қолөнершілер орталығының» ғимараты салынады: Түркістан қаласы шеберлердің қаласына айналады

4 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан қаласын халықаралық талапқа сай қолөнер орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар басталды. Оның алғышарты ретінде шаһарда «Қолөнершілер орталығының» ғимараты салынып жатыр. Алдағы уақытта Түркістанның брендіне айналатын бұйымдар шығарылып, нарыққа енеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу үшін қолөнершілер мен сала мамандарымен, туризм өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында қолөнер саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді.
– Қолөнерді дамытуға өз тарапымнан, әкімдік тарапымнан толық қолдау көрсетіледі. Өнім шығаруға қажетті құрылғыларды алып беруге де дайынбыз. Бірақ бізге нақты жоспар қажет. Қолөнершілер де өздеріне міндеттеме алып, қанша бұйым шығаратынын жоспарлаулары тиіс. Шеберлерімізді тәжірибе жинап, үйренулері үшін шетелге, еліміздің өзге өңірлеріне жіберген жөн. Шетелдегі қандастарымыздың арасындағы қолөнер шеберлерін де арнайы шақырып, қолдау көрсетуге ниеттіміз. Қазақтың мәдениеті, Түркістанның тарихы қолөнері арқылы да дәріптеліп, туризм мен мәдениет саласының бір бөлігіне айналып, жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етуі керек деп есептеймін, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында Алматы мен облыс аумақтарынан арнайы келген қолөнер шеберлері өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Өнердің осы саласына қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыстарын жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.
Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов облыс әкімінің тапсырмасымен әзірленген қолөнерді дамыту бағытындағы жоспарларға тоқталды. Алғашқы кезекте облыстағы шеберлердің тізімі жинақталып, 144 қолөнерші қызмет атқаратыны анықталған.
Облыста қолөнер орталығын дамыту арқылы шеберлередің өндірісін қалыптастыру көзделіп отыр. Қолөнершілердің өнімдерін сату және оны нарыққа жылжыту, туристік бизнес өкілдерімен серіктестік орнату арқылы жаңа туристік өнімдер қалыптаспақ.
— Облыстан жинақталған мәліметтер мен шеберлердің өнімдерін талдау нәтижесінде тоқыма , киіз басу, құрақ құрау және кесте тігу, зергерлік өнімдер, ағаш және сүйектен бұйым жасау өнері басым бағыттар екені анықталды. Дәстүрлі қолөнершілерді зерттеу, талдау жұмыстарының нәтижесімен Түркістан қаласындағы «Қолөнер орталығында» «Qazaq-Oner» шеберлер орталығын құру көзделген. Шеберлер орталығы шоу-рум, шеберханалар мен фото аймақтарды қамтиды. Қолөнер шеберлері тек өнім дайындаумен айналысады. Өнімдерді сату шоу-румда арнайы жауапты адамдармен жүзеге асырылады. Өнімдерді сату мақсатында арнайы мамандармен маркетингтік жоспарлар әзірленеді. Бұл бастама қолөнер саласының дамуына ықпал етеді және қолөнершілердің кәсібін өркендетуге жағдай жасайды деп күтіліп отыр. «Қолөнер орталығында» туризмді дамытуға бағытталған жұмыстар да атқарылады. Қазақ қолөнері, мәдениеті мен ұлттық тағамдары, киімдері де дәріптеледі, — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025

Ит туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар

21 Қыркүйек, 2025

Отбасы — өмірдің қазығы: Мақал-мәтелдер жинағы

21 Қыркүйек, 2025

Дастарханға, Шаңыраққа және Тойға Арналған Бата-Тілектер (Толық Жинақ)

21 Қыркүйек, 2025

Тоқаевтің АҚШ-қа сапары басталды

21 Қыркүйек, 2025

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.