Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қуаныш Шонбай-инфоалаяқтықтың атасы – заңгер

14 Шілде, 2025

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

14 Шілде, 2025

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қуаныш Шонбай-инфоалаяқтықтың атасы – заңгер
  • Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
  • Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды
  • Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды
  • 1,5 млн теңге: Қазақ полицейлері шетелдік туристерден ақша сұрап, елді ұятқа қалдырды
  • «Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
  • Қызылордада ата-аналар мен педагогтерге арналған Telegram арнасы 23 мыңнан астам адамды қамтыды
  • 221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

17 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген “Орталық Азия – Қытай” саммитінің іс-шараларына қатысты. Салтанатты кеште әнші қабылдаушы елдің мәдени өкілі ретінде жиында өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі ең әдемі лирикалық әндердің бірі – «荆棘王冠» / «The Crown» әнін орындады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл ән қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың 2017 жылы Астанада өткен жеке концертінде алғаш рет орындаған «Кім екен» шығармасының қытайлық нұсқасы.

— Қытайға сапар жасамастан бұрын, жас кезімде мен Қытай мәдениетін Джеки Чанмен, Брюс Лимен, кунг-фумен байланыстырған болатынмын. Бірақ мен жұмыс сапарыммен барып, Қытайда өмір сүрген кезімде менің бұл елге деген қабылдауым өзгерді. Мен қытай халқының қонақжайлылығы мен еңбекқорлығына ерекше таң қалдым. Азия елдерінің өкілдері болғандықтан біздің дәстүріміз бен тәрбиемізде ұқсасытықтар бар. Мысалы үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты түсініктер – бізді жақындастырады. Сондай-ақ бізді білімге, мәдениет пен ғылымға деген ұмтылыс біріктіреді, — дейді Димаш қытайлық CGTN арнасына берген сұқбатында.

Димаш Құдайберген еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде шығармашылық сыйын бірнеше рет ұсынғанын еске алды.

Оның сөзінше, 2017 жылы Бейжіңде түсірілімдерге түсіп, іс-шараларға қатысып жүргенінде шақырту алған. Ұйымдастырушылар Си Цзиньпиннің Астанаға келетіні және еліміздің құрметті қонағы болатыны туралы айтқан. Сөйтіп Димаштан қазақша, қытайша 1-2 ән орындап беруді өтінген.

— Әрине біз өз еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде Қытай халқының қолдауын ескере отырып, шығармашылық сыйымызды бір емес, бірнеше рет ұсындық. «Жасмин» әні Қытай мәдениетінде ерекше орын алатындықтан, оны кез-келген адам орындай алмайды. Бұл әнді орындаудың өзі үлкен мәртебе болып саналады. Сондықтан ұйымдастырушылар дәл сол әнді ұсынған болатын. Мен оны барынша жоғары деңгейде орындауға тырыстым. Қойылымнан кейін Си Цзиньпин мырза қасыма келіп, қолымды қысып, алғысын білдіріп, Қытайдағы да, шетелдегі де жетістіктеріммен құттықтап, «Әрдайым табыс тілеймін», – деген жылы лебізін білдірді. Содан бері өнерімді жоғары бағалайды. Маған жұбайы екеуі және бүкіл отбасымен менің өнерімді ерекше құрметтейтінін айтып, шынайы лебізін білдірді. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік, — дейді әнші.

Димаш халық игілігі үшін, мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайту жолында өнерін көрсетуге әрқашан дайын екенін жеткізді.

— Си Цзиньпин мырзаға қазақ мәдениетіне және қазақ тіліндегі әндерге деген құрметі үшін алғысымды білдіргім келеді. Ең маңыздысы, әрине, екі елдің достығының беріктігі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамып, одан әрі тереңдей беруін тілеймін. Әрбір қолайы келген сәтте көпшіліктің алдында айтып қалуға тырысамын: әлемде бірлік, келісім, теңдік болсын. Ең бастысы – бейбітшілік, — деп айтты әнші.

Оқылып жатыр

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

«Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

Израиль парсыларды тағы бомбалады: Иран президенті өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі тұрмысқа шықты

Пайғамбарды әзілге айналдырған журналист сотталып кетті

Соңғы жазбалар

Қуаныш Шонбай-инфоалаяқтықтың атасы – заңгер

14 Шілде, 2025

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

14 Шілде, 2025

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды

14 Шілде, 2025

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

14 Шілде, 2025

1,5 млн теңге: Қазақ полицейлері шетелдік туристерден ақша сұрап, елді ұятқа қалдырды

14 Шілде, 2025

«Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

14 Шілде, 2025

Қызылордада ата-аналар мен педагогтерге арналған Telegram арнасы 23 мыңнан астам адамды қамтыды

14 Шілде, 2025

221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда

14 Шілде, 2025

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

13 Шілде, 2025

«Екі баласы бар, отбасылы еркек болды»: Айгүл Қосанова өзінен 14 жас үлкен күйеуі туралы айтты

13 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.