Зілтемірші Алмас Өтешов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бапкері Алексей Ни пара алғанын айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Алексей Ни бапкеріме Алмас жарысқа қатыспайды деген. Шұғыл түрде 5 мың доллар ақша керек. Қазір шешемін деді. Менің қалтамда 500 доллар. Бапкерімде 4 мың доллар ақша бар. Тағы біреуден 500 доллар алып, Алексей Нидің қолына 5 мың доллар ұстаттық. 2008 жылдан бері онымен өшпін. Ол Илья Ильиннің үйін де алып қойды. Допингпен ұсталдың деді. Илья 4 жыл үндемей отырды. Кейін 2012 жылы шку болған соң қайтадан атына жазып берді», — деді Алмас Өтешов.