Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты
  • Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты
  • Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды
  • Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы
  • Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды
  • Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты
  • Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті

Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті

21 марта, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Наурыз мерекесі қарсаңында Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті. Керуен тізбегінде түйелер, ат арба, күймелер мен автокөліктер болды, деп хабарлайды Todayinfo.

Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, әжелер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, театр әртістері мен жастар, енген керуеншілер әуелі алаңға жиналды.
Мерекелік көш-керуенінің шартты атауы – «Ынтымақ». Мақсаты – облыс халқының тұтастығын мен ауызбіршілігін көрсету. Бүкіл аудандарды қамтитын Көшке 3000 адам қатысты. Бір аудан – бір Көш. Әр ауданның тарихи, мәдени, географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, әрқайсысына белгілі бір тақырып берілді.
Көш — керуен жол бойы бір-біріне қосылып, толығып отырды, және қазақтың көш дәстүрі қатаң сақталды.
Орталыққа келіп жеткен көш-керуенді өңір жұртшылығымен бірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен құрметті ақсақалдары күтіп алды.
Жиналған көпшілік жыл басының басты дәмі – Наурыз көжеден дәм татты. Күбіден түскен май мен табада піскен ыстық нан, бауырсақтан ауыз тиді
Көшке көрісу сияқты дәстүрлер қамтылып мерекенің мәні одан әрі ашыла түсті. Әр көшке 1 минутқа дейін уақыт беріліп, өздеріне берілген тақырыптар бойынша өнерін көрсетіп, игі шараның маңызын арттыра түсті.

Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ​жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

«Құрметті жерлестер!
Биыл Наурыз мейрамы Қасиетті Ораза айына тұспа-тұс келіп отыр. Барша мұсылман қауымына тұтқан Оразаның қабыл болуын тілеймін!
Әз-Наурыз ынтымағымызды нығайтып, асқар асуларды бағындыруға жетелей берсін.
Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін!
Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!
Ұлыс оң болсын!
Мейрам құтты болсын!», – деп дүйім жұртқа ізгі ниетін білдірді.
Осылайша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарын Ұлыстың ұлы күнінде, «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, өзінің құттықтау сөзін жақсы бір салтанатты рәсіммен аяқтады.

Облыс басшысының құттықтауынан кейін «Жаңа күн» атты пролог басталады. 150-200 адам қатысатын Пролог Күнді қарсы алу, көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, Қыдыр атаның бата беруі сияқты дәстүрлерді қамтыды. Театрландырылған пролог-қойылымға белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова мен «Раббат» этнотобы, сондай-ақ 70-ке жуық биші би билеп, сахнада ерекше халықтық мерекенің атмосферасы пайда болды. Ары қарай концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын «Дос Мұқасан», Әбдіжаппар Әлқожа, Шәба Әденқұл, Мирас пен Құралай сияқты белгілі әншілер ән айтты. Ал кешкі мерекелік концертте Еркеш Хасен, Нұрсұлтан Нұрбердиев т.б сияқты жастардың сүйікті әншілері өнер көрсетіп кеш көрігін қыздырды.

Оқылып жатыр

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды – Ерлан Қарин Президент құттықтауын жеткізді

Садыр Жапаровтың Кенесарыға қатысты сөзін өздерінің тарихшылары жоққа шығарды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

15 Мамыр, 2025

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

15 Мамыр, 2025

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

15 Мамыр, 2025

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

15 Мамыр, 2025

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

15 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.