Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қонаев қаласының дамуына қосқан үлесіміз»: Freedom холдингінің басшысы Тимур Турлов жағалауды жаңартуға 4, 53 млрд теңге бөлді

«Қонаев қаласының дамуына қосқан үлесіміз»: Freedom холдингінің басшысы Тимур Турлов жағалауды жаңартуға 4, 53 млрд теңге бөлді

19 апреля, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қапшағай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке енді: балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың жазында басталып, толық абаттандырумен сәтті аяқталды. Жаңа брусчатка төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, жарықтандыру жүйесі толық жаңартылды. Жаңа алаңда балалар мен спорттық алаңдар, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары мен демалыс аймақтары пайда болды.

Жағалау енді субұрқақтармен, жағажайға түсуге арналған баспалдақтармен толыққан. 2025 жылғы наурызда соңғы кезең – гүлзарлар отырғызу мен қылқанжапырақты және жапырақты ағаштарды егу жұмыстары да аяқталды.

«Бұл тек абаттандыру емес — бұл тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі тартымды қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қонаев қаласы мен Қапшағай жағалауы — су туризмінің ірі орталықтарының бірі. Жаңарған жағалау өңірдің инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, оның инвестициялық әлеуетін де арттырады», — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Ұзындығы 1 шақырым болатын жағалау бүгінде демалыс, серуендеу, спортпен шұғылдану мен отбасылық уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған кең әрі заманауи кеңістікке айналды. Жобаның жүзеге асуына «КСЖ Freedom Life» компаниясы 4,53 миллиард теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Бұл — бизнестің мемлекетпен тиімді әріптестігінің жарқын көрінісі.

«Бұл кеңістікті шын мәнінде заманауи әрі тартымды ету үшін біз айтарлықтай ресурстар, уақыт пен күш жұмсадық. Бұл — жай ғана инфрақұрылымды жақсарту емес, бұл — Қонаев қаласының болашақ дамуына қосқан нақты үлесіміз. Біз қаланың зор әлеуетіне сенеміз. Мұндай жобалар оның өмір сүруге жайлылығын арттыра түседі», — деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Жағалаудың ресми ашылуынан кейін нысан коммуналдық меншікке берілді. Қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, отандық өнерпаздар мен би ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

«Біз ірі холдинг ретінде ESG қағидаттарын ұстана отырып, қалалық ортаны жайлы әрі шабыт сыйлайтын етіп қалыптастыруға бағытталған жобаларға басымдық береміз. Freedom Life компаниясы соңғы алты жылдан бері өмірді сақтандыру саласындағы цифрлық қызмет көрсету бойынша көшбасшы болумен қатар, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға да ерекше көңіл бөліп келеді. Қонаевтағы жағалауды абаттандыру — бизнестің қалалық инфрақұрылымды дамытуға қосқан маңызды үлесі. Бұл — біздің саналы стратегиямыздың ажырамас бөлігі, халқымыздың жарқын болашағына бағытталған нақты қадам», — деді КСЖ Freedom Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Капшагай су қоймасының экожүйесін сақтау және Қонаев қаласын өңірдің басты туристік бағыттарының біріне айналдыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті:

«Алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін заманауи инфрақұрылым дамытылады. Сонымен қатар «Ұлы дала жорығы» және өрік фестивалі сияқты ірі іс-шаралар өтеді. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі жағажай мен бес жұлдызды екі қонақүйдің құрылысы да қолға алынбақ», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Оқылып жатыр

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Онлайн супермаркет арқылы 800 мың қазақстандық азық-түлік пен тауар сатып алды

Алматы әкімсіз қалды: Президент ақыры Ерболат Досаевты қызметінен босатты

Соңғы жазбалар

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.