Алматы облысының жаңа орталығы – Қонаев қаласына соңғы үш жылда ауқымды инфрақұрылымдық өзгерістер енгізілді. Қалада 48 көпқабатты үйдің шатыры жаңартылып, 61 шақырым инженерлік-жол желілері жөнделді. 133 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, «Аристократ», «SUN CITY», «NJ Towers» сынды заманауи кешендер пайда болды.
Туризм саласында да өсім байқалуда: «Qonaev International Balloon Fest» және «Oceanman» сияқты ірі халықаралық шаралардың арқасында туристер саны 72,2 мың адамға жетті. Келесі жылы әлемдік деңгейдегі төрт және бес жұлдызды екі қонақүй құрылысы басталмақ.