Қонаевта сыныптастары ұрып тастаған оқушыға қатысты білім бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«2025 жылдың 31 қаңтар күні кәмелетке толмаған А. есімді оқушы Қонаев қаласы көпсалалы ауруханасының жан сақтау бөліміне «Химиялық антисептикпен ұлану» диагнозымен түскен. Осы күні Қонаев қаласының полиция басқармасында іс тіркеліп, бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде жасөспірім толық есін жиып, ауруханада ем қабылдауда, жағдайы қалыпты», — деп хабарлады білім бөлімі.
Аталған оқиға білім бөлімінің мамандарымен зерделеніп жатыр.
Мәселе қалалық білім бөлімінің басшысы Қаламқас Сәрсенбаеваның жеке бақылауында, істің мән-жайы анықталып жатыр.